Түркия тұңғыш отандық автокөлік жасап шығарды - на finance.bugin.kz
Orash - на finance.bugin.kz Orash

Бұл жоба арқылы Ердоған Түркияның өсіп келе жатқан экономикалық күшін көрсетуді көздейді

Түркия өзі жасап шығарған тұңғыш отандық автокөлігін таныстырды, деп хабарлайды «Aljazeera» ақпараттық сайты.

27 желтоқсан күні Түркия өзінің алғашқы толықтай Түркияда өндірілген тоқпен жүретін автокөлігін жұртшылыққа көрсетті. Сол арқылы жылына 175000 электромобиль өндіруді жоспарлауда, олар 13 жыл ішінде 22 миллиард лира (3,7 миллиард доллар) тұратын жобаны жүзеге асыруды көздейді.

Ашылу салтанатында сөз сөйлеген Ердоған Түркия бұл машинаны тек ішкі нарықта сатып қана қоймай, сонымен бірге оның Еуропадан бастап ғаламдық брендке айналуын қалайтынын айтты.

- Біз бәріміз бірге Түркияның 60 жылдық арманының ақиқатқа айналғанына куә болдық. Біз бұл көліктің бүкіл әлем жолдарында жүйткігенін көргенде, нақты мақсатымызға жеткен боламыз, - деді ол.

Ердоған 2022 жылға дейін тоқпен жүретін көліктерді қуаттауға арналған бекеттермен Түркияны толық қамтамасыз ететінін айтты. 

Түркия - қазірдің өзінде Ford, Fiat Chrysler, Renault, Toyota және Hyundai сияқты фирмалар Еуропаға экспорттап отырған ел. 

Түркияның «Ресми газетінде» жарияланған президенттің шешіміне сәйкес жаңа жоба қазан айында басталып, салық жеңілдіктері сияқты мемлекеттік қолдауға ие болады әрі өндіріс нысандары Түркияның солтүстік-батысындағы Бурса қаласында құрылатын болады.


0 Пікір Кіру