Апатқа ұшыраған ұшақтың жолаушыларына қандай өтемақы төленбек? - на finance.bugin.kz
Күлтегін АСПАНҰЛЫ - на finance.bugin.kz Күлтегін АСПАНҰЛЫ

16 миллион + 4 миллион

Bek Air әуе компаниясының апатқа ұшыраған ұшағында қаза тапқан жолаушылардың туыстарына 12 млн 625 мың теңгеден беріледі. Бұл жөнінде «Amanat» сақтандыру компаниясының басшысы Ерғали Бегімбетов хабарлады.

Кеше, 29 желтоқсан «Amanat Insurance» АҚ-ның басқарма төрағасы, директорлар кеңесінің мүшесі Ерғали Бегімбетов facebook желісіндегі өзінің парағында апатқа ұшыраған Bek Air-дің борт нөмірі UP-F1007 Fokker-100 ұшағын аталған компанияның сақтандырғанын жазған.

- Ұшақ апатынан жарақат алған әрбір жолаушыға ем-шарасы үшін 505 мың теңгеден беріледі. Мүгедек болып қалған жандарға 6 млн 312 мың – 12 млн  625 мың теңге арасында өтемақы береді. Қаза тапқан жолаушылардың отбасы 12 млн 625 мың ала алады екен. Сондай-ақ жерлеу рәсімдерін жүргізген тұлға 100 АЕК мөлшерінде шығындарын өтеп алады. Әрбір зардап шегушінің зақымданған мүлкіне 250 АЕК-ке дейін өтемақы төлеу қарастырылды, – дейді Ерғали Бегімбетов.


Бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев оқиға күні Ақордада өткен кеңесте Үкіметке Алматы қаласы мен Алматы облысы әкімдіктерімен бірлесіп қаза болған азаматтардың отбасыларына 4 миллион теңге көлемінде материалдық көмек көрсетуін тапсырды. Президент «қайтыс болғандардың жақындарына жан-жақты психологиялық және медициналық қолдау көрсетіп, зардап шеккендердің барлығына қажетті көмек берілуін» міндеттеген.  

Алайда әзірге президент айтқандай қаза болған жолаушылардың отбасына берілетін 4 миллион теңге мен сақтандыру компаниясының шартты өтемақысы бірге немесе бөлек есептелетіні туралы нақты ақпарат жоқ.

ІІМ келтірген дерек бойынша, Қазақстан халқы аза тұтқан ауыр апаттан 12 адам опат болып, 49 жолаушы ауруханаға түскен болатын.


0 Пікір Кіру