Жаңа жылдық отшашу: Қытай экономикасы қанша пайда табады? - на finance.bugin.kz
Асхат Қасенғали - на finance.bugin.kz Асхат Қасенғали

Миллиардаған доллар табыс табады

Отшашудың отаны - Қытай елі. Қытайда отшашу осыдан 3200 жыл бұрын пайда болған. 

Олардың бастапқы мақсаты әскери қорғаныс үшін болғанымен, кейіннен түрлі ойын-сауық пен мерекелік кештерде қолданыла бастады. Бамбук ағашының ішіне салынып атылатын отшашу император қатысатын кештердің ажырамас бір бөліген айналған еді. Артынша сауда жолы арқылы Еуропаға және өзге елдерге тарады.

Бүгінгі күні әлемдік отшашудың 90%-ы Қытайда өндіріледі. Оның негізгі себебі жұмыс күшінің арзандығы мен отшашу технологиясының алда болуында. Сарапшылардың айтуы бойынша Қытайда 780 отшашу жасайтын зауыт бар. Дегенмен оның саны бірнеше мыңға жетуі ғажап емес. Себебі отшашу жасау бизнесі өте пайдалы әрі оны шағын қоймаларда да жасырын дайындауға болады. Соған байланысты олардың саны Қытайда 10-12 мыңнан асуы мүмкін дейді сарапшылар. 

"Жапонияның тәуелсіз экономистер одағы" Қытай экономикасы жылына отшашу сатудан 22-35 млрд доллар арасында пайда табатынын мәлімдейді. Статистиканың нақты болмауының негізгі себебі Бейжіңнің ресми ақпарат бермеуінде болып отыр. Дегенмен әлемдік деңгейдегі түрлі шоулар мен мерекелердің Қытай отшашуынсыз өтпейтінін ескерсек, бұл сандардың растығына көз  жеткізе аламыз. 

0 Пікір Кіру