Министр зейнетақы жинағындағы ақша қандай сомадан бастап берілетінін айтты - на finance.bugin.kz
Bugin.kz - на finance.bugin.kz Bugin.kz

Зейнетақымен қамтамасыз ету шегі бар

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов зейнетақы жинақтарын пайдалану мәселесін түсіндірді.

- Зейнетақы жинағын пайдалануға қатысты тапсырманы былай қойғанда Қазақстанда "зейнетақы аннуитеті" деген бар. Оған сәйкес, ер адам 55 жасқа, ал әйел 51 жасқа жеткенде өз жинақтарын "зейнетақы аннуитеті" ретінде рәсімдеп, ақшаны ала алады. Бірақ ер адамдар - 10 миллион, ал әйелдер 12 миллион теңге жинауы шарт, - деді Нұрымбетов журналистерге берген сұхбатында.

Министрдің айтуынша, зейнетақы жинақтарын алу үшін осы "зейнетақы аннуитеті" болуы қажет. Сонда ол ақша адамды зейнетақымен қамтамасыз етуге жетеді. Мұның бәрі есеп-қисаптың негізінде жасалды.

- Бұл дегеніміз, адам өзін-өзі зейнетақымен қамтамасыз ету шегіне жетуі керек деген сөз. Ал одан артылған ақшаны басқа мақсаттарда жұмсауға болады деп ойлаймыз. Қазіргі ұсыныстар бойынша солай. Зейнетақымен қамтамасыз ету шегі бар. Одан артылғанды пайдалануға болады, - деді Нұрымбетов.

Осы орайда тілшілер нақты мысал келтіріп, сұрақ қойды. "Сонда әйел адамның есепшотында 12 миллион 100 мың теңге болса, тек 100 мың теңгені ғана алуға бола ма?", - деп сұрады журналистер.

- Иә, солай. Өйткені 12 миллион – бұл сізді өмірдің соңына дейін зейнетақымен қамтамасыз етуге қажетті жинақ. Олай болмаса, ақша зейнет жасқа жетпеуі мүмкін, - деп жауап берді министр.

Ал бұған дейін премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев елде 102 мың азаматтың зейнетақы жинағын алуға мүмкіндігі бар екенін айтқан еді.

Sputnik Қазақстан

0 Пікір Кіру