Алматыдағы «Сергек» бір аптаның ішінде 42 млн теңге пайда әкелді - на finance.bugin.kz
Bugin.kz - на finance.bugin.kz Bugin.kz

Сергек зерек екен

Алматы қаласында жаңа жылдан бастап 400 су жаңа «Сергек» камерасы орнатылған болатын. Камера іске қосылғаннан бері 42 млн теңге «табыс» әкелген екен. Мұны Алматы қалалық полиция департаменті хабарлап отыр.

Мекеме баспасөз қызметінің хабарлауынша, 8 күннің ішінде «Сергек» 2500-ден аса құқықбұзушылықты анықтаған. Олардың көбі жылдамдықты 10-20, кейде 20-40 жылдамдыққа дейін арттырған, 40-тан асырмайтын жерде асырған жүргізушілерге берілген.

Ал қалғандары жол белгісін елемеген, жолақты ескермеген жүргізушілер екен.

Айта кетке жөн, камералар рұқсатты жылдамдықты арттыру, қызылға өту, жол белгілері мен жолақтарының талаптарын бұзу, рұқсат етілмеген жерде тоқтау мен тұру және автобус жолағымен жүру сияқты ереже бұзушылықтарды тіркеп, көлік иесіне айыппұл жазып береді.

Жол ережесін бұзу деректері 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап тіркеле бастайды. 100 бұрылысқа әрқайсысы 4 камерадан тұратын бақылау комплексі қойылған. Бір астананың өзінде 2018 жылы алғашқы он айда мемлекеттік бюджетке жалпы сомасы 1 миллиард 270 миллион теңге, ал 2019 жылдың он айында 5 миллиард теңге көлемінде қаржы түскен.

Tengrinews.kz

1 Пікір Кіру