Қазақстан транзиттік тасымалдаудан қанша табыс тапты - на finance.bugin.kz
Bugin.kz - на finance.bugin.kz Bugin.kz

Орталық Азия елдері

2019 жылы Қазақстан арқылы 19,4 млн тонна транзиттік жүк тасымалданды.

- 2019 жылдың қорытындысында Қазақстан арқылы тасымалданған транзиттік жүк көлемі 19,4 млн тоннаға жетті. Оның ішінде темір жол көлігі арқылы транзиттік тасымалдау көлемі 17,5 млн тоннаны құрады. Көліктің бұл түрімен еліміз аумағы арқылы өтетін транзиттік жүк ағынының негізгі үлесі, яғни 75,6% немесе 11,5 млн тоннасы Орталық Азия елдеріне тиесілі. Атап айтсақ, ол көрсеткіштің 7,1 млн тоннасы Өзбекстанға, 2,26 млн тоннасы Қырғызстанға, 1,2 млн тоннасы Тәжікстанға, 0,26 млн тоннасы Ауғанстанға келеді. Ресейдің үлесі 2,8% болса, транзиттік жүктің 13,8% Қытайға, 7,1% Еуропа Одағы елдеріне тиесілі, - делінген Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Темір жол көлігі арқылы Қазақстан аумағымен қандай жүк тасымалданады дегенге келсек, 18.5%-пен бірінші орында мұнай тұр. Одан кейін қара металдар - 10,7%, химикаттар мен сода - 6,8%, химиялық және минералдық тыңайтқыштар - 2,2%, астық - 1,7% құрайды. Өзге де жүктер - 55,6%.

- Қазақстан аумағы арқылы контейнерлердің транзиттік тасымалының жалпы көлемі 23% артып, 664 мың контейнерге жетті. Оның ішінде Қытай–Еуропа–Қытай бағытындағы контейнерлер саны 11% артып, 347 мың контейнерді құрады. Осылайша Қазақстан 2019 жылы транзиттік тасымалдаулардан 450 млрд теңгеден астам табыс тапты, - деп атап өтті министрлік.

0 Пікір Кіру