ІІМ: Ресей нөмірін таққан көліктерге ондай шектеу қойылмайды - на finance.bugin.kz
Bugin.kz - на finance.bugin.kz Bugin.kz

Ресей - тұрақты мүше

Кеше Қазақстанның Ішкі істер министрлігі Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен енгізілген, бірақ қазақстан тіркеуіне қойылмаған көліктердің бір жылдан кейін елден шығарылатынын мәлімдеген еді.

Аталмыш мәлімдемеге түсініктеме берген Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев міндетті тіркеудің Армения мен Қырғызстаннан енгізілген көліктерге енгізілетінін, ал ресей нөмірлерін таққан көліктерге мұндай тіркеу міндетті емес екендігін айтады.

- Әңгіме Армения мен Қырғызстаннан енгізілген көліктерге қатысты болып отыр. Ресей нөмірін таққан көліктерге қатысы жоқ. Бұл екі мемлекетте де 2020 жылға дейін арзандатылған кедендік салық режімі жұмыс жасады. Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің басқасынан (Ресей, Беларусь, Қазақстан) арзан болды. Оның үстіне, сол елдің (Армения мен Қырғызстанның) азаматтары Қазақстанға енерде көлік қатынасына ыңғайлы болу үшін оларға уақытша тіркеуге мүмкіндік берілді. Ал қазақстандық азаматтарға ондай көліктерді сатып аларда толық кедендік тексеріс пен алым-салықтан өтуі керек еді, - дейді Қожаев.

Орынбасардың айтуынша, мұндай түсіндіру жұмыстары бұрын да жасалған. Алайда оған құлақ түрген азаматтар аз болыпты.

- Сондықтан біз қазір тек әкімшілік айыппұл салумен ғана шектеліп отырмыз. Кедендік тазалаудан өту қажеттігін түсіндірудеміз. Егер кедендік рәсімдеуден өтпесе, онда көліктері айыппұл тұрағына алынады, - дейді Қожаев.

Tengrinews.kz

0 Пікір Кіру