Үндістандағы бизнесті онлайн-саудаға қосу үшін Amazon $1 млрд жұмсамақшы - на finance.bugin.kz
Plumeria - на finance.bugin.kz Plumeria

Безос: Үндістан – ХХІ ғасырда бизнесті дамытудың негізгі нарығы

Үндістанның шағын және орта бизнесін интернет-сауда нарығына шығару үшін Amazon 1 миллиард доллар бөледі, деп мәлімдеді компанияның негізін қалаушы Джефф Безос Нью-Делидегі іс-шарада.

BBC News-тің хабарлауынша, Безос Үндістанды ХХІ ғасырдағы бизнесті дамытудың негізгі нарығы деп атады.

Безостың есептеулеріне сәйкес, Amazon 2025 жылға қарай 10 миллиард долларлық үнді тауарларын экспорттайды, ал бүгінгі күнге дейін алпауыт елге 5,5 миллиард доллар инвестиция құйған көрінеді.

BBC News-тің хабарлауынша, Безостың Үндістанға үш күндік сапары шағын бизнес иелерінің наразылығын тудыруы мүмкін деп күтілуде. Олардың айтуынша, Amazon олардың платформасында төмендетілген бағаны ұсыну және онымен жұмыс істейтін компаниялардың аз санына артықшылық беру арқылы оларды табыстан айырады.



0 Пікір Кіру