3 млрд: Абайдың 175 жылдық мерейтойына қаржы бөлінді - на finance.bugin.kz
Bugin.kz - на finance.bugin.kz Bugin.kz

Мерейтойға қанша қаржы бөлінді?

Биыл Абайдың 175 жылдық мерейтойы ҚР Мәдениет және спорт министрлігі жыл сайын бөлетін қаражат аясында тойланады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов айтты.

«Абайдың 175 жылдық мерейтойына арналған шаралар ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің 3 млрд теңге көлеміндегі жылдық жоспарланған қаржысы есебінен өтеді. Мысалы Абай атындағы Опера және балет театры гастрольдік сапарларына бөлінген жыл сайынғы қаржыны Абай жылына арнап, Мәскеу, Түркия, Қытайға барып өнер көрсетеді», - дейді Нұрғиса Дәуешов.

Мерейтой аясында Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығын түрлендіру және ақын есімімен байланысты тарихи-мәдени мұра объектілеріне ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізу қарастырылған.

«Бұл жұмыстардың бәрі «Қазреставрация» ұйымына бөлінген қаражат есебінен жасалады. Мысалы Абайдың Семей қаласындағы музейінің ішкі жөндеу жұмыстарына 30 млн теңге бөлінді», - дейді Нұрғиса Дәуешов.

Ұлы Абай мерейтойының ресми салтанатты ашылу рәсімі 21 қаңтар күні Нұр-Сұлтан қаласында өтеді.

inform.kz

0 Пікір Кіру