«Бәйтерек» холдингі 24 млрд теңгені қызметкерлерінің айлығына жұмсаған  - на finance.bugin.kz
Асхат Қасенғали - на finance.bugin.kz Асхат Қасенғали

Айлыққа 63 млн доллар жұмсалған

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 24 қаңтарда Үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізді. Отырыс барысында Президент мемлекеттік холдингтердің қаржыландырылуы жайлы айтты.  

- «Бәйтерек» холдингі 63 ұйымнан тұрады, оның 11 ұйымы еншілес болып табылады. Бұл ұйымдарда барлығы 2,8 мың адам қызмет етеді. «ҚазАгро» 3 еншілес компаниясымен бірге 2 мың қызметкері бар компания. Бәйтеректің әкімшілік шығындары 54 млрд теңгені құраған, оның 24 млрды ($63 млн) жалақыға жұмсалған, - деді Президент.

2007 мен 2018 жылдар аралығында мемлекеттік холдингтерді қолдау мақсатында $18,4 млрд қаражат бөлінген. 

- Бұл аса көп қаражат. Сол себепті де еліміз оның нәтижелерін көруі, сезінуі тиіс. Есептік комитеттің анализі бойынша бірқатар мәселелер анықталды: функциялық қызметтерді көшіріп алу, қызметкерлер саны, құрылымдағы мәселелер, - деді Президент. 

Бәйтерек холдингі 2013 жылы 22 мамырда құрылған болатын. 


0 Пікір Кіру