1,4 млрд: 1,8 мың қызметкер жалақы ала алмай отыр - на finance.bugin.kz
Bugin.kz - на finance.bugin.kz Bugin.kz

4 мың жұмысшыға жұмыс берушілер жалақы төлемеген

Қазақстандық жұмыс берушілер қызметкерлеріне 1,4 млрд теңгеден астам қаржы беруі тиіс. Бұл жайында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде айтты.

Министрліктің мәліметіне қарағанда, 108 кәсіпорындағы 4 мың жұмысшы төлемдерін күтіп отыр.

«2020 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша елдің 108 кәсіпорнында 4 мың жұмыскерге жалақы бойынша берешек 1,4 млрд теңгені құрады. Бұл ретте 2019 жылы жергілікті еңбек инспекцияларының көмегімен қызметкерлерге 5,42 млрд теңге төленді, осылайша 41 мыңнан астам қызметкердің құқықтары қорғалды», – деді ведомствода.

Жалпы қарыздың:

— 174 млн теңгесі — бұл қазіргі уақытқа дейін төленбеген, тоғыз кәсіпорындағы 1 мың жұмыскерге үш айға дейін кешіктірілген сома;

— 446 млн теңге – 1,8 мың қызметкердің алдындағы 35 кәсіпорынның үш айдан астам мерзімі өткен берешегі;

— 800 млн теңге – бұл банкротқа ұшыраған 64 кәсіпорындардағы төленбеген жалақы.

Өз төлемдерін 1,8 мың қызметкер күтіп отыр.

Еңбек министрлігінде жалақы бойынша берешекті азайту үшін облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент әкімдіктері 2020 жылдың басынан бастап дағдарысқа қарсы штабтар мен әлеуметтік әріптестік жөніндегі өңірлік комиссиялардың 130-дан астам отырысының өткізілгенін, онда еңбекақы бойынша берешегі бар 1,3 мыңнан астам жұмыс берушінің тыңдалғанын хабарлады.

0 Пікір Кіру