Халықаралық ваюта қорының мақсаты қандай? - на finance.bugin.kz
Гүлмира - на finance.bugin.kz Гүлмира

Валюта қоры

Халықаралық Валюта Қоры, ХВҚ (ағылш. International Monetary Fund, IMF) - АҚШ, Вашингтондағы штаб-пәтері бар БҰҰ мамандандырылған мекемесі. 189 мемлекетті біріктіреді, ал оның құрылымдарында 133 елден 2500 адам жұмыс істейді.

ХВҚ мемлекеттің төлем балансының тапшылығы кезінде қысқа және орта мерзімді кредиттер береді. Несие беру әдетте шарттар мен ұсыныстар жинағымен сүйемелденеді. Дүниежүзілік банктен айырмашылығы - ХВҚ қызметі салыстырмалы қысқа мерзімді макроэкономикалық дағдарыстарға шоғырланған. Дүниежүзілік банк кедей елдерге ғана несие береді, ХВҚ қысқа мерзімді қаржылық міндеттемелерді жабу үшін шетел валютасының жетіспеушілігін бастан кешірген өз мүше-елдерінің кез келгеніне несие бере алады.

2. ХВҚ-ның мақсаты қандай?

Ол алдына келесі мақсаттарды қояды:

- халықаралық валюта-қаржы проблемаларымен консультациялар және бірлесіп жұмыс істеу үшін тетікті қамтамасыз ететін тұрақты мекеме шеңберінде валюта-қаржы саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуға ықпал ету;

- халықаралық сауданың кеңеюіне және теңгерімді өсуіне жәрдемдесу және осының есебінен жұмыспен қамтудың және нақты табыстардың жоғары деңгейіне қол жеткізуге және қолдауға, сондай-ақ барлық мүше мемлекеттердің өндірістік ресурстарын дамытуға қолайлы жағдай жасау, бұл іс-қимылдарды экономикалық саясаттың бірінші кезектегі міндеттері ретінде қарастырады;

- мүше мемлекеттер арасында валюталардың тұрақтылығын және реттелген валюталық режимді қолдау, сондай-ақ бәсекелестікте артықшылықтарды алу мақсатында валюталардың девальвациялануын болдырмау;

- мүше мемлекеттер арасындағы ағымдағы операциялар бойынша көпжақты есеп айырысу жүйесін құруға, сондай-ақ әлемдік сауданың өсуіне кедергі келтіретін валюталық шектеулерді жоюға көмек көрсету;

- мүше мемлекеттерге Қордың жалпы ресурстарын уақытша беру есебінен оларда сенімділік жағдайын құру, осылайша ұлттық немесе халықаралық деңгейде әл-ауқатқа залал келтіруі мүмкін шараларды қолданбай, олардың төлем балансындағы сәйкессіздіктерді түзету мүмкіндігін қамтамасыз ету;

- жоғарыда баяндалғандарға сәйкес мүше мемлекеттердің сыртқы төлем баланстарының тепе-теңдігінің бұзылу ұзақтығын қысқартуға, сондай-ақ осы бұзушылықтардың ауқымын азайтуға құқығы бар.

3. ХВҚ-ның басты функциялары қандай?

- ақша саясатындағы халықаралық ынтымақтастыққа жәрдемдесу;

- әлемдік сауданы кеңейту;

- ақша айырбас бағасын тұрақтандыру;

- дебиторлар (борышкерлер) елдерге консультация беру;

- экономикалық кадр дайындауға көмек беру;

- халықаралық қаржы статистикасын жинақтау және жариялау.

4. ХВҚ-н (Дүниежүзілік банкты сияқты) түрлі ғалымдар мен саясаттар сынға алады. Неге?

Себебі көп, бірақ ішіндегі ең негізгісі - дағдарыстық жағдайлардан шығу үшін оның ұсынымдарының тиімсіздігі.

Қордың іс-әрекеттері туралы шешім қабылдаған кезде дауыстар жарналарға пропорционалды бөлінетінін ескеру қажет. Қордың шешімдерін мақұлдау үшін 85% дауыс қажет. АҚШ барлық дауыстардың 17%-а ие. Бұл өз бетінше шешім қабылдау үшін жеткіліксіз, бірақ қордың кез келген шешімін оқшаулауға мүмкіндік береді. АҚШ Сенаты Халықаралық Валюта Қорына белгілі бір әрекеттерді орындауға тыйым салатын заң жобасын қабылдай алады. Қытай экономисі профессор Ши Цзяньсюньдің айтуынша, квоталарды қайта бөлу ұйымның базалық шеңберін және ондағы күштердің арақатынасын өзгертпейді, АҚШ-тың үлесі бұрынғыдай қалады, олар вето құқығына ие, яғни: "Құрама Штаттар, бұрынғыдай ХВҚ тәртібіне басшылық етеді".

ХВҚ бірқатар талаптарды ұсына отырып қарыз береді — капиталдардың еркін қозғалысы, жекешелендіру (оның ішінде табиғи монополиялар — темір жол көлігі және коммуналдық қызметтер), білім беру, денсаулық сақтау, тұрғын үйді арзандату, қоғамдық көлік және т.б. әлеуметтік бағдарламаларға арналған үкіметтік шығыстарды барынша азайту немесе жою; қоршаған ортаны қорғаудан бас тарту; еңбекшілердің жалақысын қысқарту, құқықтарын шектеу; кедейлерге салық қысымын күшейту және т.б.


0 Пікір Кіру