«Моңғол малшысы» ұлттық бағдарламасы: 90 млн доллар бөлінді - на finance.bugin.kz
Асхат Қасенғали - на finance.bugin.kz Асхат Қасенғали

Мал шаруашылығын дамыту қолға алынбақ

29 қаңтарда Моңғолияда өткен министрлер кабинетінің отырысында "Моңғол малшысы" ұлттық бағдарламасы қабылданды. 

Бағдарлама бес жыл бойы іске асып, сол аралықта 90,8 млн доллар қаржы бөлінбек. Бағдарламаға 16 жастан жоғары, мал бағып, күн көретін малшылар қатысады.

Бағдарламаның іске асуынан кейін келесі нәтижелерге қол жеткіземіз дейді үкімет:

- Мал шаруашылығындағы тәжірибе мен біліктілік артып, жастардан кәсіби малшы жасақталатын болады.

- Мал шаруашылығына қажетті өнімдерді шығару, сүт және өзге де өнімдердің сапасын арттыру іске асады.

- Өнімділікті арттыру арқылы экономикаға сеп болады. Мал шаруашылығымен айналысуға қолайлы жағдай жасалады.

- Табиғаттың өзгеруін тежейтін бағдарламалар іске асып, малшылардың тәуекелі азаяды.

- Мал шаруашылығындағы мамандар, экологтар мен инвесторлар арасында келісім орнап, әлеуметтік мәселелер шешімін табады.


0 Пікір Кіру