Әлемдегі ең бай адам 15 минут ішінде 13 миллиард доллар табыс тапты - на finance.bugin.kz
Plumeria - на finance.bugin.kz Plumeria

Amazon акцияларының құны 12 пайызға өсіп кетті

Әлемдегі ең бай адам болып саналатын Amazon компаниясының негізін қалаушысы Джефф Безос 15 минут ішінде 13 миллиард доллар байлыққа ие болды. Бұл туралы Bloomberg хабарлайды.

Басылым бұл оқиға компанияның тоқсандық кіріс туралы есебін жариялағаннан кейін орын алғандығын атап өтті. Оның айтуынша, компанияның кірісі сарапшылар болжаған саннан да көп болған. Атап айтқанда, акцияға шаққандағы пайда $ 4,11 орнына $ 6,43 құрады.

Есепті жариялағаннан кейін Amazon акцияларының құны 12 пайызға өсіп кеткен. Осылайша, Безостың дәулеті шамамен 129,5 миллиард долларға көбейген. Billionaires Index рейтингісіндегі индекс 31 қаңтарда сауда жабылғаннан кейін ғана көрініс табады.

Қазіргі уақытта Джефф Безос Forbes нұсқасы бойынша әлемнің ең бай адамдарының тізімінде бірінші орында тұр. Оның дәулеті 116 миллиард долларға бағаланады.


0 Пікір Кіру