Тәжвирусы: Қытай 62 млрд доллар жоғалтуы мүмкін - на finance.bugin.kz
Айжан Мүтә - на finance.bugin.kz Айжан Мүтә

Экономика есеңгіреп қалмақ

Бейжің вирустың экономикаға жасайтын соққысын барынша азайту мақсатында әрекет етуде. Алайда әзірге індеттің емін табу қиындық туындатуда.

Қытай экономикасы вирустың кесірінен қиындыққа ұшырауда, дейді CNN басылымы. 

Қытай және әлем экономистері вирустың кесірінен осы маусымда өсуін 2%-ға төмендетеді деп болжап отыр. Вирустың кесірінен ірі зауыттар мен компаниялар жұмысын тоқтатқан. Өз кезегінде ол 62 миллиард доллар шығынға әкелмек.  

Қытай экономикасы 2019 жылы өсуін тоқтатып, 29 жылдағы ең нашар көрсеткішті көрсетті. Оған АҚШпен болған сауда соғысы мен Гонконгтегі қақтығыстар себепкер болды. 2020 жылы бұл екі шешімін таппаған қақтығыстың үстіне вирустың қосылуы Қытай экономикасын құрдымға жібереді дейді сарапшылар.

0 Пікір Кіру