Коронавирус Қытай экономикасын құрдымға жібереді - на finance.bugin.kz
Бота Куанышбекова - на finance.bugin.kz Бота Куанышбекова

Қытай экономикасына 173 миллиард доллар құяды

Қытайдың Орталық Банкі 2019 - nCoV коронавирус тұтану салдарынан зардап шеккен ел экономикасын қолдауға ниетті. 3 ақпан күні нарыққа 1,3 трлн юань ($173 млрд-ред.) сомасына өтімділік шығарылатын болады.

Бұдан кейін банк жүйесіндегі жалпы өтімділік 2019 жылға қарағанда 900 млрд юанға жоғары болатындығы айтылған.

Қаражат кері РЕПО операциялары арқылы шығарылатын болады. Бұл бағалы қағаздар сатып алынатын және бір мезгілде алдын ала келісілген баға бойынша оларды кері сату туралы келісім жасалатын мәміле.

Бұған дейін БАҚ беттерінде коронавирус індетіне байланысты Қытай $ 60 млрд жоғалтуы мүмкін екендігі жазылған болатын.

0 Пікір Кіру