Елімізде шетелдік жұмысшылар азаяды: Квота 40% қысқартылды - на finance.bugin.kz
Bugin.kz - на finance.bugin.kz Bugin.kz

Шетелден жұмысшылар тартуға квота 40% қысқартылды

Елімізде шет елден жұмысшыларды тарту үшін жасалған квота 40 пайызға азайды.

ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, квота 2019 жылы бекітілген санымен (48 700) салыстырғанда 40 пайызға қысқартылған. Нақтырақ айтқанда 3 санат бойынша (мамандар) – 3 пайызға және 4 санат бойынша (білікті жұмысшылар) – 23 пайызға азайған. Бүгінгі күні Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстары шетелдік жұмысшыларды елге алғызудан бас тартып отыр.

Квотаны қабылдаудың мүмкіндіктері:

- ішкі еңбек нарығын білікті емес шетелдік жұмыс күшінен қорғау;

- қазақстандық кадрларды көбірек жұмысқа орналастыру;

- жұмыс берушілердің білікті шетелдік жұмыс күшіне деген сұранысын қанағаттандыру.

0 Пікір Кіру