1,2 млн кәсіпкер табыс салығынан босатылады - на finance.bugin.kz
Bugin.kz - на finance.bugin.kz Bugin.kz

Қаржы министрлігі кәсіпкерлердің салықтан босатылғанын хабарлады

Бүгін Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының міндетін атқарушы Жәнібек Нұржанов бизнес субъектілерінің 75%-ының салықтан босатылатынын айтты. Ол бұл шешімді Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында жариялады.

Жәнібек Нұржановтың айтуына қарағанда, барлығы 1,2 млн кəсіпкерлік субъекті салықтан босатуға жатады. Бұл барлық бизнес субъектілер санының 75%-ын құрайды. Оның айтуынша, 2019 жылы мемлекеттік кірістер органдары 27 187 салықтық тексеріс өткізді.

Аталмыш заң бұзушылықтарды анықтау бойынша жұмыстар күшейтілуде:

- тəуекелдерді басқару жүйесін іріктеу өлшемдерін жетілдіру;

- мемлекеттік кірістер органдарының өкімінде бар деректерді талдау.

Микро жəне шағын кəсіпкерлікпен айналысатын тұлғалар осы жылдың 1 қаңтарынан бастап, 2022 жылдың 31 желтоқсанына дейін табыс салығынан босатылады.  

0 Пікір Кіру