Коронавирустың таралуы: Қытай билігі коронавирустың экономикаға әсерін бағалады - на finance.bugin.kz
Plumeria - на finance.bugin.kz Plumeria

Хуа Чуньин: Біз Қытай экономикасының болашағына сенімдіміз

Коронавирустың жаңа түрінің таралуы сөзсіз Қытай экономикасына әсер етеді, бірақ бұл әсер уақытша ғана құбылыс, деп хабарлады СІМ өкілі Хуа Чуньин сейсенбіде онлайн-брифинг барысында.

- Кеше Қытайдың даму және реформалар жөніндегі мемлекеттік комитеті басшысының орынбасары Лянь Вэйлянның айтуынша, коронавирустың таралуы Қытай экономикасын, әсіресе, тұтыну секторын төмендеп жіберді. Дегенмен, бұл уақытша кезең. Қытай экономикасының болашағы зор, - деді дипломат.

Ол Қытайда коронавирустың таралуын жеңуге және оның экономикаға әсерін азайтуға сенімділігі мен мүмкіндігі бар екенін атап өтті.

Қазіргі уақытта Қытайда коронавирус жұқтырған адамдардың саны 20,4 мыңнан асты, 425 адам қайтыс болды.


0 Пікір Кіру