iPhone өндіруші Foxconn компаниясы маска өндіруге кіріспекші - на finance.bugin.kz
Orash - на finance.bugin.kz Orash

Күніне екі миллион маска өндірмек

Электроника алыбы Apple iPhone өндіруші «Foxconn» компаниясы хирургиялық маскалар жасауға қадам жасады, деп хабарлайды «BBC News» агенттігі.

Фирма сонымен қатар коронавирустың әсерінен жабылған электроника шығаратын тұрақты өндіріс желілерін қайта ашуға рұқсат беруді талап етуде.

Коронавирустың салдарынан маскаларға сұраныс артып, бүкіл әлемде жеткізілім тапшылығы туындады. "Осыған орай Foxconn айдың аяғында күніне екі миллион маска шығаруды жоспарлауда" деп жазады басылым.

Фирма өкілдері WeChat әлеуметтік медиа алаңында:

- Бұл індетке қарсы соғыста әрбір секунд маңызды. Біз сақтық шараларын неғұрлым ертерек жасасақ, вирустың ертерек алдын алсақ, өмірімізді солғұрлым ертерек сақтап қалуға, оны тезірек жеңуге болады, - деді.

Компания қазірдің өзінде Қытайдың оңтүстігіндегі ең ірі фабрикада маска шығаруды сынақтан өткізе бастағанын мәлімдеді.

- Маскалар бірінші кезекте өз жұмысшыларымызды инфекциядан қорғайды, - деп толықтырды компания өкілі.


0 Пікір Кіру