«Астана» спорт клубы басшылары ұсталды - на finance.bugin.kz
Bugin.kz - на finance.bugin.kz Bugin.kz

Анықталған залал сомасы 2 млрд теңге

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі "Самұрық-Қазына" қорының спортты дамыту және Қазақстанның беделін көтеруге бөлінген ақша қаражатын жымқыру фактісі бойынша қылмыстық істі тергеуде. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінде өткен баспасөз конференцияда Агенттіктің 2-департаментінің басшысы Сергей Перов айтты.

"Тергеу барысында "Астана" кәсіби спорт клубының директоры Аманбек Кульчиковтің аталмыш клубтың құрамына кіретін жеке мекемелер "Astana Pro Team" велокомандасының" жетекшісі Лаззат Шамшиевамен және "Astana Motorsports" жетекшісі Артур Ардавичуспен қылмыстық келісімде әзірленген және іске асырылған қылмыстық тәсілін анықтады", - деді Сергей Перов.

Сонымен 2016-2018 жылдар аралығында Кульчиков клубтардың нақты қажеттіліктерін біле тұра, қасақана шығындар көлемінен бірнеше есеге артық сомаларға қаржыландыру туралы тапсырыстарды, сонымен қатар қаражаттың мақсатты жұмсалғаны туралы Шамшиева және Ардавичус ұсынған жалған есептерді қабылдаған.

Артық бөлінген ақша қаражаттары шетелдік компаниялармен жалған келісімдер жасау және оқу-жаттықтыру жиындарын ұйымдастыру, үй-жайларды жалға алу, тауарлық-материалдық құндылықтар сатып алу және т.б. бойынша жалған актілерге қол қою жолымен жымқырған.

Мысалға демеушілер жыл сайын кәсіби жарысқа қатысудың барлық әлемдік стандарттарына сай келетін 200-ден астам брендтік велосипедтерді тегін ұсынады.

Сондай-ақ 2018 жылы қажеттілік болмаса да, Алматы қаласында автошина сатумен айналысатын қазақстандық ЖШС-мен, сондай 6 велосипед және оған қосалқы бөлшектер сатып алуға 219 мың еуро сомасына жалған келісімшарт жасалған.

Оған қоса, бұл қымбат велосипедтер шын мәнінде сол бойы жеткізілмеген, ал ақша қаражаты жымқырылған және бұндай деректер аз емес.

Бөлінген ақша қаражаттарының олардың отбасы мүшелері және спортқа еш қатысы жоқ басқа да, тұлғалардың ішкі және шет елге авиаұшуларын төлеуге жұмсалғаны да мысал бола алады. Бұл шығындар 100 млн теңгеден артық соманы құрайды.

Бүгінгі таңда анықталған залал сомасы 2 млрд теңгеден асады.

Қазіргі уақытта Кульчиков және Шамшиева Нұр-Сұлтан қаласының тергеу изоляторына орналастырылған, сот оларға қатысты 2 ай мерзімге қамауда ұстау бұлтартпау шарасын санкциялады.

Ардавичусқа, оның ішінде Интерпол желісі бойынша да, халықаралық іздеу жарияланды. Оған қатысты да "қамауда ұстау" бұлтартпау шарасы санкцияланды.

Іс бойынша күдіктілердің Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларындағы қымбат мүліктері, автотранспорттық құралдар, элиталық пәтерлер, жер учаскелері қоса анықталып, тыйым салынды.

Басқа да тұлғалардың қатыстылығы тексеріліп жатыр. Тергеу жалғасуда.

Әрбір тұлғаның кінәсін алынған дәлелдемелердің жиынтығымен есепке ала отырып, сот анықтайтын болады.

zakon.kz

0 Пікір Кіру