Сайрам ауданы өндіріс қуатын арттыруға кірісті - на finance.bugin.kz
Айдос Косубаев - на finance.bugin.kz Айдос Косубаев

Былтыр Сайрам ауданында 73 бірлік 10-15 бастық шағын мал бордақылау орны іске қосылған

Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданында кәсіпкерлік саласы қарқынды дамуда. Тұрғындар мемлекеттің қолдауын тиімді пайдаланып, өздерінің жеке кәсіпкерлігін бастауға білек сыбана кіріскен. 

Былтыр Сайрам ауданында 73 бірлік бірлік 10-15 бастық шағын мал бордақылау орны іске қосылған. Ал ауданда 953 мал бордақылау алаңында бір мезетте 32-33 мың бас мал сойылып жатыр. Сайрам ауданындағы Манкент ауылында 34 мың адам тұрады.

Ауыл әкімі Шухрат Убайдуллаевтың айтуынша, тұрғындардың басым бөлігі ауыл шаруашылығымен айналысады. Соның ішінде мал сою, сүт өндіру, ауыл шаруашылығы өнімдерін шығару басым. Аймақта өндірілген ет Қазақстан қалаларынан өзге Өзбекстанға экспортталады.

Сондай-ақ күніне 50 тонна сүт өндіріледі. Убайдуллаев өз сөзінде мемлекет кәсіпкерлікке айтарлықтай қолдау көрсетіп жатқанын алға тартты.

- "Атамекен" кәсіпкерлікті қолдау палатасы өздері оқытып, мемлекеттік гранттар мен пайызы төмен несиелер береді. Соның есебінен ауданда кәсіпкерлік дамуда, - деді әкім. 

Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда Сайрам ауданында ірі қара мал басы 25 пайыз, жылқы 14 пайыз, қой мен ешкі 19 пайыз көбейген. 2021 жылға қарай аудандағы қайта өңдеу кәсіпорындары өнімдердің өңдеу үлесін мәселен, ет өңдеуді 21 пайызға, сүт өңдеуді 23 пайызға, көкөніс, жеміс өңдеуді 40 пайызға жеткізуді жоспарлап отыр.

0 Пікір Кіру