Депутаттар бір күндік жалақысын мақтааралдықтарға аударды  - на finance.bugin.kz
Bugin.kz - на finance.bugin.kz Bugin.kz

Мәжіліс депутаттары қаржы аударды

Мәжіліс депутаттары бір күндік жалақысын Түркістан облысында су басу салдарынан зардап шеккендерге аударды.

Таратылған хабарлама бойынша, Палата Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Мәжіліс Бюросы бір күндік еңбекақыны Түркістан облысының Мақтаарал ауданындағы елді мекендерді су басу салдарынан зардап шеккендерге көмек көрсету үшін «Түркістан» корпоративтік әлеуметтік даму қорына аудару туралы Қаулы қабылдады.

Бұл қаржы аудан тұрғындарының бүлінген үйлерін, инфрақұралымдарды қалпына келтіруге жұмсалады.

0 Пікір Кіру