Мақтаарал. 100 мың теңгелік карта. Мемлекет тарапынан қаржы бөлінді - на finance.bugin.kz
Bugin.kz - на finance.bugin.kz Bugin.kz

Мақтааралдағы жапа шеккендерге 100 мың теңге түсетін банк картасы берілді

Түркістанда су басқан аудан тұрғындарына мемлекет тарапынан 100 мың теңгеден өтемақы беріледі. Қазір осы мақсатта Жаңатұрмыс, Жеңіс, Фирдауси, Достық және Өргебас елді мекендерінде тиісті құжаттар жиналып, шығын көлемі есептеліп жатыр.

Түркістан облысының қаржы және мемлекеттік активтер басқармасының басшысы Әбдірахман Тасыбаев: "Бұдан бөлек, Әлішер Османовтың қор есебінен мың АҚШ долларынан 5202 үйге көмек берілетін болады. Бұл аталған 5 елді мекеннен басқа эвакуацияланған 8 елді мекен бойынша. Халық банкі тарапынан 4 мың 87 дана төлем карточкасы әзірленіп, бүгін таратылып басталды. Бүгінгі таратылған карточка саны – 3088. Ол жаңағы шығарылған карточканың 75,6 пайызын құрайды. Осы карточкаларға қаржы түскеннен кейін, тиісті банкоматтар арқылы халық өзінің ақшаларын алады. Жалпы Мақтаарал ауданы бойынша 23 банкомат бар болса, қосымша халық банкі тарапынан 7 банкомат қойылуда" деді.

nege.kz

0 Пікір Кіру