Нұрымбетов 42 500 теңгені төлеу қашан басталатынын айтты - на finance.bugin.kz
Bugin.kz - на finance.bugin.kz Bugin.kz

Еңбек министрі мәлімдеме жасады

Кірісінен айырылған адамдарға әлеуметтік жәрдемақы 20 шілдеден бастап беріледі. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов айтты.

Оның айтуынша, әлеуметтік төлемге өтініш беруге арналған порталдар жұма күні іске қосылады.

"Біздің жоспарымыз: жұма күні бүкіл портал өтініш беруге ашық болады. Ал дүйсенбіден, яғни 20 шілдеден төлемдерді тағайындауға кіріссек пе дейміз", – деді Нұрымбетов онлайн брифингте.

Министр ең төменгі жалақы мөлшеріндегі төлем тек бір айға, шілдеге берілетінін де айтты.

0 Пікір Кіру