42 500 теңгеге өтінім қабылдау әлі басталмады - на finance.bugin.kz
Bugin.kz - на finance.bugin.kz Bugin.kz

Министрлік 42 500 теңгеге өтінім қабылдау басталғаны туралы ақпаратқа түсінік берді

42 500 теңгеге өтінім қабылдау басталғаны туралы ақпарат жалған. Бұл туралы 15 шілдеде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді.

Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 42 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлемдерге өтінім қабылдау үшін сайттың іске қосылғаны туралы таратылған ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.

Қазіргі уақытта ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі COVID-19 ауруына байланысты жағдайды тұрақтандыру үшін шектеу шараларының енгізілуіне байланысты кірісін жоғалтқан азаматтарға біржолғы төлемді жүзеге асыру қағидаларын әзірлеуде.

"Біржолғы төлемді тағайындау үшін өтініштерді 17 шілдеден бастап қабылдаймыз. Ал біржолғы төлемді тағайындауды 20 шілдеден бастау жоспарланып отыр", - делінген хабарламада.

Министрлік тұрғындардан жалған ақпаратқа назар аудармауын және ақпаратты тек ресми көздерден алуды сұрады. "Жалған ақпаратты тарату заң бойынша жазаланатынын еске саламыз", - деді ведомстводағылар.

tengrinews.kz

0 Пікір Кіру