42 500 теңге: Өтінім сайт арқылы неге қабылданбай жатыр? - на finance.bugin.kz
Bugin.kz - на finance.bugin.kz Bugin.kz

42500.enbek.kz порталы қолданушылардың көп болғаны үшін істей тұр

Әлеуметтік төлемге өтінім беруге арналған ресми 42500.enbek.kz порталы қолданушылардың көп болуына байланысты істен шықты.

Бүгін, 17 шілдеден бастап Қазақстанда карантин шектеулеріне байланысты табысынан айырылған азаматтар үшін 42 500 теңге көлемінде әлеуметтік төлем алуға өтінімдер қабылдау басталды.

Өтінімдер қазірден бастап қабылданады, алайда дәл қазір өтінім беруші санының көптігіне байланысты мұны жүзеге асыру мүмкін емес.

"Сайтта қолданушылардың көп болуына байланысты дәл қазір барлық ресурс бос емес. Сайтта бір мезгілде 25 000-ге жуық адам өтінім беріп жатыр. Барлық өтініш міндетті түрде қабылданады. Біраз уақыттан кейін қайталауды сұраймыз",- делінген сайттың басты бетінде.

Айта кетейік, өтінімдерді қабылдау 1 қыркүйекке дейін жалғасады.

Бұған дейін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі порталға жүктемені арттырмау үшін 42 500 теңгеге бірнеше рет өтінім бермеуді сұраған болатын.

42 500 теңгені кімдер алады:

- жалақысыз еңбек демалысына шыққан жалдамалы жұмысшылар;

- жеке кәсіпкерлер;

- жеке практикамен айналысып жүрген тұлғалар;

- азаматтық-құқықтық сипаттағы келісімшартпен істеп жүргендер;

- бірыңғай жиынтық төлемін төлеп жүрген жеке тұлғалар.

sputniknews.kz

0 Пікір Кіру