Министрлік мәлімдемесі: Кімдердің шотына 5500 теңге түседі? - на finance.bugin.kz
Bugin.kz - на finance.bugin.kz Bugin.kz

Министрлік шілде айының соңына дейін кімдердің шотына 5500 теңге түсетінін айтты

Бір миллионнан астам қазақстандықтың шотына азық-түлік және тұрмыстық жиынтықтар үшін 5556 теңге ақша аударылады. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Еңбек министрлігі шілде айында азық-түлік және тұрмыстық жиынтықтар үшін ақша төлеуді көздейтін бұйрық әзірлеп, қабылдады.

Олардың айтуынша, осы жылдың 20 шілдесінен бастап айдың соңына дейін қазақстандықтардың банк картасына төлем жіберіледі.

Азық-түлікке төленетін ақшаны 5 әлеуметтік топқа жататын азаматтар алады екен. Жергілікті атқарушы органдар қолда бар деректер негізінде тізім жасайды. Содан кейін шілде айына төлем алушыларға 2 АЕК (1 АЕК – 2778 теңге) немесе 5556 теңге мөлшерінде қаражат жібереді.

5 әлеуметтік топ:

- атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарынан 6 жастан 18 жасқа дейінгі балалар;

- медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұрақты тұратын мүгедектерді қоспағанда, 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар;

- медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұрақты тұратын мүгедектерді қоспағанда, барлық жастағы I, II, III топтағы мүгедектер;

- мүгедек бала тәрбиелеп отырған адамдар;

- жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органда тіркелген жұмыссыз азаматтар.

Баспасөз қызметінің ақпаратынша, биыл наурыз айынан мамыр айына дейін бұл төлем 1 миллион адамға беріліп, жалпы сомасы 13,5 миллиард теңгені құрады.

1 Пікір Кіру