Қазақстандықтар зейнетақы қорындағы ақшаның 10%-ін алуы мүмкін - на finance.bugin.kz
Bugin.kz - на finance.bugin.kz Bugin.kz

Қазақстанда зейнетақы қорындағы ақшаның 10%-ін алуға рұқсат ету ұсынылды

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының жанындағы қоғамдық кеңес елдегі экономикалық ахуалға байланысты салымшыларға зейнетақы жинағының 10%-ін алуға рұқсат беруді ұсынды.

Тың бастама жайлы қоғамдық кеңестің басшысы Евгений Сейпульник желіде жазды.

"Қазіргі жағдай кәрілікке қажетті жинаққа деген көзқарасты өзгертуге және оған азаматтардың қаржылық проблемасын шешуге көмектесудің бір жолы деп қарауға түрткі болып отыр. Басқаша айтқанда, мен зейнетке шықпай тұрып, салымшылардың 10% мөлшеріндегі ақшасын кәдеге жаратуды ұсынамын", - деп жазды Сейпульник қоғамдық кеңестің Facebook-тегі парақшасында.

Айтуынша, әр салымшының өз жинағының 10%-ін мерзімінен бұрын шешіп алуы келесі жағдайларға әкеледі:

- шоғырландырылған жинақ 1.7 триллион теңгеге азаяды;

- орташа төлем әр салымшыға 42 500 теңгеден 100 000 теңгеге дейін ұлғаюы мүмкін;

- салымшылардың Қор мен Ұлттық банк қызметіне сенімі артады;

- қордың жұмысы жаңа деңгейге шығады. 

"Әр салымшыға жинақтың 10%-ін төлеу міндет емес, оның құқығы ретінде қарастырылуы тиіс. Алайда бұл тәсіл біреудің өмірін құтқаруы мүмкін", - деді ол.

Сондай-ақ Сейпульник аталған төлемді заңнамалық түрде бекітуге болады деп санайды. Әр салымшы шотындағы жинағының мөлшеріне қарамастан ақшаны мерзімінен бұрын бір рет шешіп алуға құқылы болады.

Ол қоғамдық кеңестің бастамасы көпшіліктің қолдауына ие болса, ұсыныс президентке жолданатынын атап өтті.

sputniknews.kz

0 Пікір Кіру