Атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылар үшін жағымды жаңалық шықты - на finance.bugin.kz
Bugin.kz - на finance.bugin.kz Bugin.kz

Жағымды жаңалық

620 мыңнан астам адамға атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау мерзімі автоматты түрде ұзартылды. 

"121 мың отбасына, яғни 625 мың қазақстандыққа атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау мемлекеттік мекемелерге жүгінбестен, автоматты түрде ұзартылды. Сондай-ақ, 13 мың адам атаулы әлеуметтік көмекке eGov.kz порталы арқылы өтініш берді. Олар осы жылдың II тоқсанында атаулы әлеуметтік көмек алмаған азаматтар", - делінген хабарламада.

Еңбек министрлігі 1 шілдеден бастап екінші тоқсанда атаулы әлеуметтік көмекті алғандарға үшінші тоқсанда да мерзімді ұзартуды көздейтін бұйрық қабылдады. Бұл шара азаматтардың әкімдіктер мен жұмыспен қамту орталықтарына жаппай жиналуына жол бермеді. Осылайша адамдардың коронавирусты жұқтыру қаупі азайды.

Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау мерзімін ұзарту кезінде кейбір кірістер, соның ішінде азық-түлік пен тұрмыстық жиынтықтарға, төтенше жағдай кезінде коммуналдық шығындарды өтеуге бөлінген төлемдер есепке алынған жоқ.

Еске салсақ, 14 шілдеде премьер-министр Асқар Мамин еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне атаулы әлеуметтік көмекті ІІІ тоқсанға қолда бар мәліметтер негізінде проактивті форматта тағайындауды тапсырды.

sputniknews.kz

0 Пікір Кіру