Студенттер үштік баға алса да шәкіртақы алу мәселесі көтерілді  - на finance.bugin.kz
Марғұлан Ақан - на finance.bugin.kz Марғұлан Ақан

Білім және ғылым министрі мәлімдемесі

Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев студенттерді үштік баға үшін шәкіртақыдан айырмау туралы ұсынысты қолдады.

БҒМ алқасында студенттерге шәкіртақыны оқу үлгеріміне байланыстырмай төлеу ұсынылған. "Көпшілік мұғалімнің студенттерге "қанағаттанарлық" және "қанағаттанарлық емес" деген баға қоюға құлықсыз екенін түсінеміз, себебі мемлекеттік білім гранты арқылы оқып жатқан студенттер мұндай жағдайда шәкіртақысынан айырылады. 

Шәкіртақы студенттерді әлеуметтік қолдау құралы болғандықтан, студенттерге шәкіртақыны "өте жақсы" мен "жақсы" болғанда ғана емес, "қанағаттанарлық" деген баға қойылса да беріп отыру керек деген ұсынысты қолдаймыз", - деді КАЗГЮУ Университеті ректоры Талғат Нәрікбаев. "Үздіктер мен жақсы оқитындардың арасындағы жағдайды біз де бақылап отырмыз. Бұл идея ақылға қонымды деп есептейміз, бұл жемқорлықты азайтса, студенттеріміздің білімін бағалауды дұрыстаса талқылайық", - деді министр Сағадиев. Алайда, оның айтуынша, бірінші кезекте қазіргі уақытта шәкіртақының қалай төленіп жүргенін тексеру керек.

Tengrinews.kz

0 Пікір Кіру