Салықтың да салығы бар - на finance.bugin.kz
Талғат - на finance.bugin.kz Талғат

Деректер

Байлық салығы (Франция)

Табысы 1 млн еуродан асатындар үшін 75%-дық байлық салығы міндеттелді. Көптеген бай адамдар бірден азаматтықттығын  өзгертті. Белгілі актер Жерар Депардье Ресей  азаматтығын алудың дұрыс және арзан екендігін айтты.

Ең қорқынышты салық (Пәкістан)

Тарихтағы ең қасіретті салық ретінде қалған.  Пәшвар жерін бағындырушы Ранжит Сингх (1780-1839 жж. Ойлап тапқан салығы). Салық жылына жүздеген адам басын қиған.

Торғай салығы  (Германия)

XVI ғасырда Вюртемберг қаласында торғай салығы пайда болды. Құстардың дауысынан  қала тыныштығын сақтау үшін ойлап табылған салық. Әр үй иесіне кем дегенде он екі торғайдың көзін жою міндеттелген.Егер талап орындалса  6 крейцер төлейтін болған(Сол кездегі ақша бірлігі). Бұйрық орындалмаса қазынаға екі есе ақша төлеуге мәжбүр болған. Бұл қиындықтан шығу үшын кейбір жалқаулар саудагерлерден өлі торғайларды сатып алған.

Шылым шегушілерге арналған салық (Венгрия)

Бірнеше жыл бұрын венгерия елінде  шылым шегушілерге салық салынды. Бұл салық өрт сөндіру бригадаларын ұстауға жұмсалды.

Күнә салығы(Қытай)

1996 жылдың жазында Тяньцзинь қаласының  билігі некеге тұрмаған жандарға  1000 юань(120 доллар) айыппұл салынған.

0 Пікір Кіру