Шымкент қаласының әкімі көпбалалы отбасыларға үлкен сый жасамақ - на finance.bugin.kz
Қаракөз Амантай - на finance.bugin.kz Қаракөз Амантай

Енді көпбалалы отбасыларға берілетін көмек 100 мың теңгеге көбеймек

Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов көпбалалы отбасыларға үлкен сый жасап, қуантпақшы. Ол халық алдында берген жылдық есебінде қалада 3200-ден аса тұрмысы нашар, табысы күнкөріс деңгейінен төмен отбасы бар екенін айтты. Бұл туралы Sputniknews.kz хабарлады.

Ғабидолла Әбдірахымовтың айтуынша, Шымкентте 2 220 "Алтын алқа", 6056 "Күміс алқа" иегері, 511 "Батыр ана" және 769 1-ші және 2-ші дәрежелі орденмен наградталған көп балалы ана бар. 3200-ден аса көпбалалы ананың тұрмысы нашар,  табысы күнкөріс деңгейінен төмен екенін атап өтті.

Әкімнің мәлімдеуінше, Шымкентте көпбалалы аналар үшін әкімшілік қызметтердің барлық түрі көрсетілетін орталық ашылады.

"Алтын алқа", "Күміс алқа", "Батыр ана" және "1-ші және 2-ші дәрежелі орденмен наградталған көпбалалы аналар" 1 наурыздан бастап қоғамдық көлікте тегін жүреді.

"Бұл 8 наурыз қарсаңында аналарымызға жасаған сыйлығымыз болсын",- деді ол.

Сонымен бірге тамыз айынан бастап табысы күнкөріс деңгейінен төмен көпбалалы отбасыларға жылына бір рет берілетін әлеуметтік көмек деңгейі 25 мың теңгеден 100 мың теңгеге дейін көбейеді.

Кәсіпкерлер  "Сен жалғыз емессің!" жобасы аясында қиын жағдайға түскен отбасыларға тегін тұрғын үй салып береді.

Бүгін қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов Шымкенттегі Түркістан сарайында халық алдында жылдық есебін берді. Оған мыңнан аса адам жиналды. Әкімге сұрақ қойып үлгермегендер өздерін тыңдауды талап етті.

Шымкент қаласы әкімдігінің мәліметінше, мегаполисте 31 мыңнан аса көп балалы ана бар.

0 Пікір Кіру