Әйгілі миллиардер Билл Гейтстің ережелері - на finance.bugin.kz
SERIKOV ADILET - на finance.bugin.kz SERIKOV ADILET

Билл Гейтстің ережелері

Американдық миллиардер, Micrasoft  компаниясының негізін қалаушы Билл Гейтс әрдайым университеттерге барып, өз жинаған тәжірибесімен бөлісіп тұрады. Сонымен  қатар, жаһандық мәселелерді айтып қана қоймай, сол мәселелердің шешілу жолын бірге талқылайды. 

Қазіргі жастардың үлкен өмірге дайын еместігін айта келе, үнемі сөзінің соңын осы ережелермен аяқтайды:

1 - ереже

Өмір әділетсіз - оған үйреніңіз.

2 - ереже

Сіздің тәкәппарлығыңызға әлемнің түкіргені бар. Өмір сізден ісіңізді соңына дейін жеткізуді талап етеді.

3 - ереже

Сіз мектеп бітіре сала жылына 60 000 АҚШ долларын ала алмайсыз. Сіз ондай ақша табуыңыз үшін бірінші сол адамдарға жұмыс жасайсыз.

4 - ереже

Сіз мұғалімді талапшыл деп ойлайсыз ба? Күте тұрыңыз, Сіз бастық болғанда өте талапшыл боласыз.

5 - ереже

Гамбургер тарату - сіз үшін ұят болуы мүмкін. Бірақ кезінде Гамбургер тарату сіздің ата-әжелеріңіз үшін МҮМКІНДІК болатын.

6 - ереже

Егер сіз шалшықта қалсаңыз, ата-анаңызды кінәләмаңыз, көңіліңіз түспесін, қателіктен сабақ алыңыз.

7 -ереже

Сіздің ата-анаңыз сіз туылмай жатып қазіргідей мазасыз болмады. Олар сіздің төлемдеріңізді төлеп, киіміңізді жуып, сізді уайымдап жүріп мазасыз болды.

8 - ереже

Сіздің мектебіңіз көшбасшылар немесе әлсіздер деп бөлген болар. Бірақ өмір мектебі олай бөлмейді. 

Кей мектептерде сізге нашар баға қоймайды және сізге дұрыс жауап бергеніңізше мүмкіндік береді. Бірақ өмірде мүмкіндің бір-ақ рет беріледі.

9 - ереже

Өмір - семестрге бөлінбейді және де жазғы каникул болмайды. Бірнеше жұмыс орнынан өзіңізді тапқандай алдамшы сезімде болуыңыз мүмкін. Өзіңізді тапқанша іздеңіз.

10 - ереже

Теледидар - шын өмір емес. Шын мәнінде адамдар кафеде отыру үшін, жұмыс істеп ақша табуына тура келеді. 

11 - ереже

Ботаниктер мен білімділермен сыпайы араласыңыз. Кім кепіл, мүмкін сіз соларға жұмыс жасап қалуыңыз ғажап емес.

0 Пікір Кіру