Амандық Баталов көпбалалы отбасыларға 1 миллион теңгеден берілетінін айтты - на finance.bugin.kz
Қаракөз Амантай - на finance.bugin.kz Қаракөз Амантай

Бұл тізімге жағдайы нашар отбасылар да кіреді

Алматы облысында көпбалалы және тұрмысы төмен отбасыларға "7-20-25" бағдарламасы аясында алғашқы жарнаны субсидиялау үшін 1 миллион теңгенің тұрғын үй сертификаты беріледі. Бұл туралы Алматы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. 

"Нұр Отан" партиясы облыстық филиалының кезектен тыс ХХV конференциясында облыс әкімі Амандық Баталов халықтың әлеуметтік осал топтарына көмек көрсету үшін 1 миллион теңгенің тұрғын үй сертификаты берілетінін хабарлады. "7-20-25" бағдарламасы аясында көп балалы отбасыларға арналған екі көп қабатты үй салынып, облыс орталығы жанындағы коттедж қалашығында салынатын 156 коттедж бөлінеді.

Сондай-ақ облыс әкімінің білім гранты көп балалы және тұрмысы төмен отбасылардың балалары үшін 100 грантқа көбейтіледі. Осы санаттағылар үшін инвесторлар есебінен газды үйге қосу құны төмендетіліп, олардың үйлеріне газ датчиктерін тегін орнату үшін қаражат қарастырылады.

Белгілі болғандай, аудандар мен қалалардың барлық әкіміне өз аумағында көп балалы және тұрмысы төмен отбасылардың өкілдерін қабылдау және олардың қандай проблемасы бар екенін анықтау тапсырылды.

"Көмекке мұқтаж отбасылар туралы толық ақпарат алып, оларға нақты қандай қолдау қажет екенін білген бойда, осы деректер негізінде Әлеуметтік жол картасын дайындаймыз. Осы картаны басшылыққа ала отырып, негізінен осы бағытта жұмыс істейміз", - деді А.Баталов.

Облыс әкімі атап өткендей, қабылдаулар нақты оң нәтиже беруі тиіс.

3 Пікір Кіру
  • Нұржан 19 Ақпан, 2019

    Жаңғыз бастты 3балам бар жолдасым аварияадан қайтыс болған маған берлема

  • Роза 19 Ақпан, 2019

    Ол сертификатты қашан,қалай аламыз.

  • Шәмсия 20 Ақпан, 2019

    Мен Қожа Шәмсия 1977 жылы туылғам жолдасым бар 5 балам бар сіздерге хат жазып отырған себебім әлеуметтік жағдайм өте төмен балаларыма киім тамақ баудың өзі қыйын болып отыр бір бөлмелі жалдамалы үйде тұрам тұрып жатқан үйіміз өте нашар жұуынатын жер жоқ балаларымды үйге жуындырам суды тасып ішеміз бес баламның төртеуі оқиды біреуі үйде басымызда кредитіміз бар маған үлкен көмек керек үй жағыннанда көмектесіңіздер өтініш. Мекенжайымыз Талдықорған қаласы Мерекелік саяжай Балықты 55. 87081840919