Бизнестегі алмасу түрлері - на finance.bugin.kz
Nurzhol Tabigat - на finance.bugin.kz Nurzhol Tabigat

Ұрлықтың құйрығы - бір-ақ тұтам ба немесе біз неге кедейміз?

Кез келген адам немесе мекеме белгілі бір пайда табуы үшін, алмасу процессін орындайды. Яғни, ол сізге ақша береді, сіз оған тауар сатасыз немесе қызмет көрсетесіз. Сонымен, алмасудың 4 түрі болады. Олардың кейбірі сізге шығын әкеліп, қиындық туғызса, кейбірі табыс әкеледі.

Толығырақ төменде:

1. Криминалдық алмасу. Кәдімгі ұры, алаяқтардың әрекеті. Яғни, компания ақшаны алады да, жоғалып кетеді. Клиент күткен нәтиже мүлде болмайды, сондықтан мұндай алмасулар криминалдық алмасу түріне жатады. Бұндай компаниялар ұзақ өмір сүрмейді, ал криминал әлеміндегі адамдар арасында өлім көрсеткіші өте жоғары екені ежелден анық. Ал, тек алуды ғана білетін, бере алмайтын адамдар көбіне кедей өмір сүреді. Қазақта біреудің ала жібін аттама деген тамаша қағида осыдан қалса керек.

2. Теңсіз алмасу. Яғни, клиент сізге үміт артып, келіскен ақшасын береді, ал сіз келісімнің жартысын ғана орындайсыз. Бұл әрине криминалдық алмасуға қарағанда жақсырақ, бірақ сіз туралы неше түрлі алып-қашпа әңгімелер тарайды, салдарынан сізге клиенттер жоламай кетуі мүмкін.

3. Тең алмасу. Клиент сізге қанша берсе, тура сол шамада қызмет көрсетесіз немесе сол бағаға сай өнім бересіз. Көптеген өмір сүріп келе жатқан компаниялар осы типттегі алмасуды ұстанады. Яғни, клиент сізден сатып алады, алайда сіз туралы жақсы да, жаман да ақпарат таратпайды.

4. Күткеннен жоғары алмасу типі. Яғни, клиент берген ақшасына келісімнен жоғары нәтиже ұсынасыз. Жұмысты артығымен орындайсыз. Міне, бұл кезде сіз туралы клиент тамаша әсерде болады және жан-жағына сіз туралы үнемі жақсы ақпарат таратады. Салдарынан, сарафанное радио деп аталатын тамаша маркетингтік жол ашылады. Қазақта жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын деп айтса керек.


0 Пікір Кіру