Шағын кәсіпкерлік: Ұлттық тағамдарымызға сұраныс жоғары ма? - на finance.bugin.kz
Қаракөз Амантай - на finance.bugin.kz Қаракөз Амантай

«Ardager» және «Bereke Qurt» компаниясының негізін қалаушы кәсіпкермен сұқбат

Қазақстанда шағын және орта кәсіпті барынша дамытып, елдің әлеуметтік-экономикалық деңгейін көтеру - бүгінгі таңда басты міндеттерінің бірі . Иә, кәсіп те, кәсіпкерлер саны жыл сайын артып келеді. Олар жұмыссыздықты жоюда өз үлестерін қосуда. Кәсіптің де сан түрі бар. Кәсіп ашамын деген әрбір адамға елімізде мүмкіндік көп. Таңдау өз еркіңде. Алайда кәсіп көп болғанымен, ұлттық тағамдарымызды өндіретін кәсіпкерлер қарасы аз. Бүгінде ұлттық тағамға сұраныс бар ма? Ұлттық тағамдарымыз өз деңгейінде насихатталып жүр ме? Осы және өзгеде сұрақтарға ұлттық өнімімізді дәріптеп жүрген, «Ardager» және «Bereke Qurt» компаниясының негізін қалаушы, кәсіпкер Нұрсұлтан Нияз жауап берді.

Кәсіпке 11 жасымда аяқ бастым

Мен үшін кәсіптің 3 түрі бар. Біріншісі, өз қызметіңе еңбегіңді сату. Екінші түрі, қазіргі таңда дамыған, көпшілік айналысатын алып-сату түрі. Үшіншісі, өнім өндіру. Өзім кәсіптің алғашқы қадамын қызмет көрсетуден бастадым.

Бала кезімнен кәсіпке икемім болды әрі кез келген адаммен тіл табыса білетінмін. Кәсіп жолында алғашқы қадамым 5-сыныптың жаздық демалысында басталды. Кәсіп қыз не ұл деп таңдамайды, кәсіпте шектеу жоқ. Қай өнімнен пайда көрсең, соны табыс көзіне айналдыра білу қажет. Небәрі 11 жасымда анам әкелетін опа-далап, тырнаққа арналған лактарды үй маңындағы сұлулық салондарына сатып, ақша таптым. Анам оны 25 теңгеден әкелсе, мен оны 50 теңгеге өткізетінмін. Осы сәттен бастап кәсіп жолына алғашқы қадамымды жасадым. Мектеп қабырғасында арнайы қағаз жұмыстарын қолға алдым. Оқушыларға реферат шығарып беріп, ақша көзіне айаналдырдым. Ал колледжде студенттік қызмет түрімен айналыстым. Кей студенттер жұмыс істеп жүргендіктен, мұғалім берген тапсырмаларды орындап үлгермейтін. Осындай студенттерге Әлібек есімді досыммен курстық жұмыс, реферат, студенттің өзіндік жұмыстарын жазып, сатуды бастадық. Бұл кәсібіміз сәтті болды. Себебі әр аптадағы табысымыз 45000 теңгені құрады. Кез келген тапсырысты сапалы әрі қатесіз жазуға тырыстық. Егер студентке ұнамаса, өңдеп, қатесін түзеп беретінбіз. Дегенмен бұл маусымдық жұмыс болғандықтан, табыс бірде бар, бірде жоқ болды. Студент кезде курстық жұмыстың  ауқымын көтеру керек деп шештім. Өзім заңгер болғандықтан, өз салама қатысты ақпарат жазатын едім. Сол себепті басқа мамандықта оқып жүрген студенттерді өзіме тарттым. Сөйтіп жаныма экономика, медицина, филология факультеттерінде оқитын студенттерді жинап, бір команда құрдым. Тапсырысқа байланысты тұтынушыларымызды сол саланың адамына бағыттап отырдық. Осы кездері әлеуметтік желіде ең танымал вконтакте желісі болды. Сол арқылы жеке парақшамыз ашылды. Сонымен қатар, бірнеше жыл бұрын Ресейде құрылған студ.кз, курс.кз сынды сайттар ашыла бастады. Білгеннің артығы жоқ демекші, осы сайттардан көрген-білгенімізді өз тәжірибемізде қолдандық. Осылайша, интернетті табыс көзіне айналдырдық. Қазіргі таңда бұл салада қазақ, орыс және ағылшын тілінде жұмыс істейтін мамандар бар.

Оқуды аяқтағаннан кейін,  мамандық бойынша жұмыс жасадық. Ең бірінші ер азамат болғаннан кейін, табыс табу, отбасын асырау - басты міндет. Бір айлық бір қара басыңнан аспайды.

Анам да жеке кәсіпкер. Анамның өмірде "қасқырды аяқ тамақтындырса, сені басың тамақтандырсың" деген өмірлік ұстанымы болды. Осы ұстаным, өмірде алға қарай жүруіме күш берді. Қиналған сәтте осы сөзді еске алып, аяқтан тік тұратынмын.

Қазақта бар нәрсені неге әлемдік нарыққа шығармаймыз? 

Мен үшін кәсіптің өнім өндіру түрі жақын болды. Өнім өндірудегі басты мақсат – бұл жерде мүмкіндік көп. Мысалы, алып-сатуды алып қарайтын болсақ, өндіруші мен сатып алушы арасында тәуелділік болады. Бұл өндіріс саласын таңдағаным өзім бала күнімнен айналысып жүрген құртты алып-сатып көрдім. Ол кезде құртты киллограммен сатып аламын. Үйге келіп, оларды қаптамаға ораймын. Сөйтіп сабақтан кейін екі-үш сағатта құртты өткізіп келемін. Кәсіптің арқасында оқумен қатар аптасына 40000 теңгедей табыс тауып жүрдім. Ең бастысы ешкімге тәуелді болмадым. Сол кездегі арманым осы құртты бренд жасау болатын. Қазіргі таңда бұл ойым жүзеге асты. Шағын және орта бизнесте ұлттық тағамдарымыз бен отандық өнімдерімізді барынша дәріптеуіміз қажет. Сол себепті мен дәл осы құрт өнімін таңдадым. Қазақтың қандай ұлттық тағамы болса да дәмді әрі адам денсаулығына пайдалы. Сондықтан біз ұлттық тағамдарымызды ұялмай дәріптеп, көпшілікке ұсына аламыз. Дәл құрт өнімі сұранысқа ие, тіпті оны бренд ретінде қалыптастырып экспортқа шығаруға болар еді. Неге қазақта бар нәрсені әлемдік нарыққа шығармасқа? Бұған кім кедергі? Кәсіп ашарда әрбір кәсіпкер Қазақстанның болашағын ойласа деймін. Өзімізде бар өнімді біз көрсетпесек, дәріптемесек, ертеңгі күні өзіміз опық жеп отырамыз. Әрине, кәсіп ашу әр адамның таңдауы. Дегенмен, қазаққа жаңа дем, жаңа лек керек. Менің басты мақсатым ұлттық өнімімізді әлемдік нарыққа шығару. Бала кезімнен осы құрт өніміне жақын болдым. Қазіргі кезде бала арманымның жүзеге асып жатқаны мен үшін үлкен мәртебе. Мені осы қадамға жетелеген сенім болды. Сол сенімнің арқасында қазіргі таңда «Ардагер» және «Bereke Qurt» деген атпен құрттарды айналымға шығарып жүрмін. Неліктен аты «Ardager» дейтін болсақ, бұл біздің Ұлы Отан соғысы, еңбек ардагерлеріне арналып қойылған болатын. Қазіргі таңда осы ардагерлерімізге арналған арнайы фондпен келісімшартқа отырғанмын, яғни түскен табыстың 20%-ы осы қайырымдылыққа беріледі. Қазақта жетім көрсең жебей жүр деген мақал баР. Қолын созғанға әрдайым көмек бер дейді. Жақсылық жасау әр адамның міндеті деп білемін.

Құрт өніміне сұраныс жоғары

Кәсіпте құртты таңдаған себебім – өндіру жағынан тиімді болды. Сақтау мерзімі де көңілімнен шықты. Құрт өндіруді ең алғаш 2011 жылы қолға алдым. Өнімнің барлығы арнайы тексерістен өткен. Екі құрттың айырмашылығы: "Ардагер" құрты сатылым жағынан, өту жағынан сұранысқа ие. Неге десеңіздер, тұтынушыларым менімен бірге айына бір рет қайырымдылық акциясын ұйымдастырады. Яғни, сатылымнан түскен 20 пайыз бар және менің тұтынушыларым бар. Осылайша 7-8 ардагерге айына бір рет өнімдерімізді апарып, керекті құрал-жабдықпен қамтамасыз етіп отырамыз.

"Bereke" деген атау толық жоғары дәрежедегі дүкендерге арналған. Оның ішіне, шағын және орташа дүкендер, кафелер кіреді. Қазір құрт өнімін өндірушілер Еңбекші қазақ ауданында орналасқан мал шаруашылығымен айналысатын кісілер. Сол кісілерге цехті керекті құрал-жабдықтармен жабдықтап бердім. Цехте 3 адам жұмыс істейді. Яғни, олар өнімді менің концепцияма сүйене отырып, дайындайды. Ал сатылыммен арнайы сатылым өкілі айналысады. Дегенмен, олар ақшаны бонустық жүйе бойынша алып отырады. Көбінде Алматы қаласын есептейтін болсақ, жаз, көктем, күз мезгілдерінде ең жоғары тұтынушыларымыз сырахана тұтынушылары болады.

Бүгінде құрт өнімдеріне сұраныс жоғары. Нарықта сұраныс бар кезде сапалы әрі тиімді жеткізу әрбір кәсіпкердің тікелей міндеті. Құрт десе бірден бала кезіміз көзімізге елестейді. Ал бұл құрттардың барлығы қолмен емес, арнайы құралдармен жасалады. Құрттың өзінің арнайы формалары да бар. Мысалы, ромбик, төртбұрыш, үшбұрыш, дөңгелек формаларда жасалады. Жұмыста ең бірінші тазалыққа мән беремін. Құртты қазіргі таңда сырахана желілеріне, дүкендерге тасымалдаймыз. Құрттың жарнамасын әлеуметтік желі арқылы жүргізбеймін. Оны тұтынатын арнайы компаниялар бар. Қазіргі таңда Алматы облысындағы барлық ауданға тасымалдап отырамыз. Өзімнің тарапымнан жеткізу қызметі болса, ал ұсыну сол кісілерге жүктеледі.

Бізде құрттардың бірнеше түрі өндіріледі. Олар: 

1.     Классикалық. Бұл құрттың 2 түрі бар. Бірі тұздалған, қышқыл болса, бірінің қышқылдығы аз. 

2.     Ысталған құрт

3.     Қызыл бұрыш қосылып жасалған құрт 

Кез келген істе тәуекел керек

Шағын және орта бизнесте ең бірінші тәуекел керек. Ал тәуекел етпеген жағдайда жақсы нәтиже күпеген дұрыс. Қазір Қазақстанда мүмкіндік көп. Кәсіп бастаймын деген адамға еш кедергі жоқ. Ең бастысы ниет пен әрекетті ұштастыра білу керек. Кәсіпте әрдайым заман талабына сай өнім өндіруің қажет. Серіктестеріңнен айырылып қалмас үшін, бәсекеге қабілетті болуың керек. Қазір нарықта бәсекелестер көп. Сондықтан алдыңды орап кетпеуі үшін, әрдайым әрекетте болуың керек.

Ең бірінші кәсіпте жіберетін қателік – асығыстық. Көп адамның ойы бүгін кәсіп ашып, ертең табыс тапсам деп ойлайды. Әрине, кәсіп болғаннан кейін бірде өсесің, бірде құлдырайсың. Мұндай сәтте, адамға шыдамдылық, төзімділік сынды қаситтер қажет болады. Сонымен қатар, құжаттар реттеуде де қиындықтар кездескені рас. Кәсіпті дамыту барысында құжаттардың да бірнеше түрі кездесті. Сол жағынан ғана сәл осалдау болдым. Дегенмен, уақыт бәріне емші демекші, бұл қиындықтарды да еңсеріп өттік. Кәсіп ашқан кезде шыны керек, маркетинг саласына қатты көңіл бөлмеппін. Ал қазіргі таңда менеджмент, маркетинг деген бірінші орында. Менеджментте кәсіпті басқара білуді, сату жоспарымен, маркетингтік зерттеу қызметтерін кәсіптің арқасында игеріп жатырмын.

Әрбір адамды алға жетелейтін ол өмірлік ұстам. Әр адам өз ұстамына берік болса, мақсатқа жету тез болады. Кемшіліктер кездескен жағдайда, күресе білу қажет. Нарықты зерттемей, еніп кетуіміз. Ең бірінші адамның өз ісіне деген сенімділік болу керек. Қазақта жалғыздың аты шықпас, жаяудың шаңы шықпас деген жақсы сөз бар. Сол себепті, еңбекке қабілетті бір команданың болғаны дұрыс. Командадағы үш адамның өзі компанияны брендке айналдыруға мүмкіндік береді.

"Ardager" және "Bereke Qurt" өнімдерін брендке айналдыру - басты мақсатым

Менің мақсатым алдағы уақытта осы кәсіпті дамытып, көркейту. Сонымен қатар қоғамдық тамақтанатын орын ашу жоспарда бар. Бұл орталықты нарықтық бағаға сәйкес тек жастарға арнағым келеді. Себебі, бүгінде дәл жастарға арналған тамақтану орындары өте аз. Сонда студенттер жастарға жеңілдік арқылы сапалы өнім ұсынғым келеді. Дегенмен бұл жалпы қамтамасыз етілетін орын болады.

Қазіргі таңда бизнес орталықтар, бизнес тренерлер өте көп. Қазіргі таңда әркім өз кәсібін ашқысы келеді. Кәсіпкер болудың бір артықшылығы ешкімге тәуелді емессің. Өзіңе би, өзіңе қожасың. Айлық қашан түседі деп күтіп отырмайсың. Бір сөзбен айтқанда ешкімге тәуелді болмайсың. Бұл жерде еңбегіңе қарай, нәтижесін көресің. Жалпы, кәсіпкер болудың артықшылығы көп. Отбасыңа, жақындарыңа көңіл бөлуге уақыт табасың. Таңдау өз еркіңде. Кемшілігі табыс көзі бірде бар болса, бірде жоқ болуы мүмкін.

0 Пікір Кіру