Шағын және орта бизнес деген не? - на finance.bugin.kz
Марғұлан Ақан - на finance.bugin.kz Марғұлан Ақан

Қалай дамытуға болады?

Кез келген елдің ішкі нарығы сыртқа тәуелді болмаған кезде барып, оның дамуы мен экономикалық тұрақтылығы көтеріле бастайды. Дамыған елдердегі ішкі өндіріс, шағын және орта бизнес үлесі 80 %-дан асып кетеді. Осы себептен де, Қазақстан «Бизнес жол картасы – 2020» бағдарламасын ұсынып, жаппай ел ішінде бизнесті дамытуды қолға алып отыр.

Шағын және орта бизнес дегенді қалай түсіну керек?

Қарпайым тілмен айтқан кезде, шағын және орта бизнестің өзіндік айырмашылығы бар.

Шағын бизнес – атадан-балаға нәсіп және кәсіп болып келе жатқан отбасылық, үлкен көлемде пайда әкелмесе де, ай сайын сол отбасын асырауға жететін мөлшердегі материалдық қажеттілік әкеліп тұратын бизнес. Мәселен, ата-кәсіпке айналып кеткен тері өңдеу, қолөнер секілді бизнесті ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырып, сол арқылы күнін көріп отырған болса, бұл шағын бизнес боп есептеледі.

Елімізде шағын бизнесті дамытуға бағытталған түрлі бағдарламалар мен жұмыстар бар. Себебі, қазақ халқы қолөнерге және шаруашылық өндірісін дамытуға бейімі бар. Шағын кәсіпті айналдыру арқылы әрбір отбасы өзін ғана асырап қоймайды, ол үлкейіп қасындағы адамдарды жұмысқа ала бастайды. Бір сөзбен айтқан кезде, өзінің де отбасын асырап қоймай, өзгелерге де жұмыс тауып бере алады. Жұмыспен қамту жағын шешуге септігін тигізеді.

Орта бизнес деп отырғанымыз, бұл ендігі үлкен компания, бірлестік. Бұл бизнес мемлекеттің тікелей экономикалық жақтан өсуіне көмектеседі.

Ел экономикасы сыртқа тәуелді болмауы үшін, дамуы үшін шағын және орта бизнес үлесі 50%-дан асуы керек. Бізде әзірге бұл көрсеткіш төмен. Дегенмен, өсім жоқ деуге тағы да болмайды. Елімізде шағын бизнесті жасап отырған жастардың саны басым. Негізінен аяқ киім, зергерлік, қолөнер мен ауыл-шаруашылық өндірістерін дамытып отыр. Ешкінің сүтінен балмұздақ жасау, таза отандық тері өндімерінен аяқ киім дайындау секілді кәсіп жылжып келеді.

Ішкі нарық толыққанды сырттан келетін тәуелділікті қанағаттандыратын болса, ел қаржысы өз ішінде айналып, экономика нығаяды. Мәселен, біздің ішіп-жейтініміз бен киім-кешек, күнделікті тұрмысқа қажетті заттар сырттан келетіндіктен, ақшаның негізігі бөлігі айналымға түспейді.

Шағын және орта бизнесті дамыту үшін бизнесті тек түрлі қырынан қарау аздық етеді. Онда инновациялық жаһандық әдістер, озық технологиялар қолданылуы керек. Жаңа өнімдерді өндіріп оны жаппай халық ішінде қолданысқа түсірген кезде өзгеріс болады.

Баламасы жоқ өнімді ойлап табуға өндірістік күш немесе саланы толыққанды игере алмаудың кесірі әсер еткен жағдайда Қытай секілді мемлекеттерден үлгі алуға болады. Яғни, кез келген өнімді ішкі нарықта өндіру арқылы, оның көшірмесін жасау арқылы да халықты жаппай қажетті өнімдермен қамтамасыз ету.

Елімізге жетіспейтін нарықтағы ең ірі және үлкен кәсіптік салалар ретінде көлік өндірісі мен киім-кешекті атауға болады. Себебі, бізге тек қана шеттен келген көліктер тізгінделсе, күнделікті киім-кешектің Қытай, Түркия, Қырғызстан секілді елдерден тасымалдаймыз. Биыл «Жастар жылы» деп бір жылдың еңбегін жастардың қолына берген екенбіз, олардың шағын және орта кәсіпті дамыту үшін ұсынған жобалары мен жұмыстарын қолдау өте маңызды.

Келешектің іргесін бүгін қалау керек. Ал бүгін қаланған еңбектің жемісі ертең құрдымға кетпесін десек, бәріне жан-жақты қараған жөн. Айналып келген кезде мемлекет маған не береді емес, мен мемлекетке не беремін ұстанымын ұстанғанымыз ұтымды болар еді.

0 Пікір Кіру