Қазақстанның Қытайдан алатын кезекті кредиті ойластырылмаған экономикалық қадам  - на finance.bugin.kz
Марғұлан Ақан - на finance.bugin.kz Марғұлан Ақан

Досым Сәтпаев

Қазақстанның Қытайдан алатын кезекті кредиті ойластырылмаған экономикалық қадам деп есептейді белгілі саясаттанушы Досым Сәтпаев.

”Менің пікірімше, Қазақстанның Қытайдан алатын кезекті  кредитінің ұзақ мерзімді салдарын ескерсек, ойластырылмаған экономикалық қадам. Қырғызстан және Тәжікстанмен салыстырғанда кезекті рет қарызға батпас үшін өз қаражаты есебінен қаржыландыруға Қазақстанның өз қаржылық мүмкіндіктері бар. Сосын, қарыз алу бір бөлек, оны талан таражға салып, ұрлау немесе тиімсіз жұмсау қауіпі де бар. Яғни, мәселе мынада. Тәжірибе көрсеткендей, біз алған кредиттерді ел ішінде тиімді жұмсау мәселесі күмәнді. Нәтижесінде алынған бұл кредит мақсатына тиімді жұмасла ма? Қазақстанның жағдайында бұл риторикалық сұрақ емес деп есептеймін” -деді саясаттанушы.

Естеріңізге салайық, Қазақстан үкіметі Қытайдан екі ел шекарасындағы қазақстандық өткізу пунктін жетілдіру үшін 2 миллиард юань, яғни, 100 миллиардқа жуық теңге қарыз алуды жоспарлап отыр.

arasha.kz

1 Пікір Кіру
  • Әбдімәлік 09 Наурыз, 2019

    Қазақстан үкіметі Қытайдан екі ел шекарасындағы қазақстандық өткізу пунктін жетілдіру үшін 2 миллиард юань, яғни, 100 миллиардқа жуық теңге қарыз алуды жоспарлап отыр.Жарайсын, Қазақстан, берсе аласал!