Қазақстандағы банк жүйесінің қалыптасуы - на finance.bugin.kz
Марғұлан Ақан - на finance.bugin.kz Марғұлан Ақан

Қалай құрылды?

Банк дегеніміз, өзіне тән жарғысы бар, шаруашылық есеп пен өзін-өзі қаржыландыру бойынша толық қызмет жасайтын әрі заңды тұлға. Бұл тұлға ақша қаражатын тартуға және оны орналастыруға негізделген басқа да банктік жүйелер жүргізетін мекеме.

Біздегі банк жүйесінің құрылымы

Еліміздегі банк жүйесінің қалыптасуы және құрылымы «ҚР банктер және бакн қызметі туралы» Елбасының 1995 жылғы 31 тамыздағы Заң күші бойынша өзіндік күші бар Жарлық негізінде түзілді. Жарлық негізі бойынша Қазақстанда екі деңгейлі банк жүйесі бар.

Ұлттық банк – республиканың негізгі орталық банкі, ол барлық банк жүйесіндегі жоғары деңгейлі яғни бірінші деңгейдегі банк. Ал қалған банктердің барлығы екінші деңгейдегі банктер.

Жалпы әр дамыған елде екі деңгейлі банктер болады. Анығын айта кету керек, Кеңес үкіметі кезінде Қазақстанның өзіне тән жеке банктік жүйесі болған жоқ. Себебі, ел аумағында Совет үкіметінің орталықтандырылған несие жүйесінің бөлімдері мен бөлімшелері қызмет жасады. Бұл солай болуы да керек еді. Осыдан кейін біз Қазақстандағы банк жүйесінің бастауын Ресей тарихымен тығыз байланыстыра аламыз. Ал сол кездегі Ресейдің банк жүйесінде бірнеше несиелік мекемелер болды: Мемлекеттік банк, акционерлік банктер, қалалық банктер және ипотекалық несие баніктері. Ал Ресейдің негізгі бірінші деңгейлі мемлекеттің банкі 1860 жылы өз жұмысын бастап, барлық несие жүйесін орталықтандырды. Оның негізінде айналымға қағаз ақша шығарудың монополиялық құқыққа ие болды.  

Дамыту жолы

Қазақстан республикасы үшін экономикасын нарыққа тән негізде көшіру үшін несиені басқару жүйесі мен шаруашылық қызметіндегі банктік қызметті көрсете білетін механизмін құру, банк жүйесінің жекелеген кәсіпорындарда жетекшілік етуі үшін түрлі экономикалық әдісерді қолдануы, сонымен қатар, банк және клиент арасындағы қарым-қатынасты дамытудың маңызы зор.

Елдегі банк жүйесі бойынша алғашқы реформалау кезеңі 1990 жылы желтоқсан айында жарияланған «ҚазКРО-ғы банктер және банктік қызмет туралы» елдегі алғашқы заң негізінде қалыптаса бастады. Кейін 1995 жылға қарай тағы бір банктік реформа көзге түсті.

Бұл реформа кезінде Ұлттық банктің 1995 жылға арналған «Қазақстандағы бакнтік жүйені реформалау» бағдарламасы негізінде жүзеге асырылды. Қарапайым халық үшін білу керек маңызды құрылымның бірі, елдегі қазір жұмыс жасап тұрған банк жүйелерінің қалыптасу кезеңіне мән беруі. Бұл кезеңдерді жинақтай келіп үшке бөліп қарастыруға болады.

Алғашқы кезең. 1988-1991 жылдар арасындағы мамандандырылған мемлекеттік банктер қызметінің бір бөлігін елдегі банктерге қарасты бөлімшелеріне бере отырып, қайта түрлендіру. Бұдан өзге елдегі алғашқы коммерциялық банктердің қатарын құру.

Екінші кезең. 1992 -1993 жылдар арасы. Совет үкіметінен кейінгі банк реформасына сай, еліміз рубль аймағында болса да, ҚР Ұлттық орталық банкінің бірқатар жұмыстарды жүзеге асыруға кірісе бастауы. Сол кездегі коммерциялық банктердің қалыптасуыу және даму жолдары, елдің ұлттық нормативтік базасының қалыптасуы.

Үшінші кезең. 1993 жылдың соңынан бастап қазіргі дейін жалғасын тауып келе жатқан, яғни айналымға ұлттық валютамыздың (теңге) енгізілуіне байланысты Ұлттық банк жүйесінің ақша және несие аясының қызметін толық жауапкершілік ала отырып басқаруы. Одан бөлек басқа да екінші деңгейлі банктермен қарым-қатынас ортана отырып, классикалық шарттарды енгізу, бакнтердің қызметін басқару, реттеу жүйесін нығайту.

Уақыт өте келе Ұлттық банктің ұсыны бойынша Агроөнеркәсіп балансын Қаржы министрілігіне қарасты ауыл шаруашылығын қолдауға негізделген мемлекеттің қордың балансына беру секілді шаралар жүзеге асырылды. Бұл 1994 жылдары бастау алған реформалау.

Қазақстан 90-жылдардың өзінде түрлі қаржылық және экономикалық қиындықтарды бастан өткерсе де, қазір қалыптасқан банк жүйелерін игеріп отыр және халық мүддесіне қарай икемделген бағдарлама негізінде жұмыс атқарып жатыр.

0 Пікір Кіру