Ерлер 55 жаста, әйелдер 51 жаста зейнетке шыға алады - на finance.bugin.kz
Марғұлан Ақан - на finance.bugin.kz Марғұлан Ақан

Қазақстан жаңалықтары

Елімізде 2018 жылдың қаңтар айынан бастап зейнетақы жинағы ай сайын төленіп келеді. Бұл заңнамалық өзгеріс халықтың зейнетақысын көбейтуге және төлемді алу мерзімін ұзартуға көмектеседі. 

Sputnik.kz хабарлағандай, Зейнетақы аннуитеті ерлер мен әйелдерге зейнетке ерте шығуға мүмкіндік береді. Зейнетақы аннуитетін сатып алу үшін сақтандыру компаниясымен келісімшартқа отырасыз. Бірақ, ең алдымен шотыңызда зейнетақы аннуитеті келісімшартын бекітуге жеткілікті ақша болуы керек. Егер ақшаңыз жетіп тұрса, ерлер 55 жастан, ал әйелдер 2019 жылы 51 жастан зейнетке шыға алады. 

Айта кетсек, әйелдердің жасы біртіндеп 2027 жылы 55 жасқа дейін өседі. Зейнетақыны қай кезде бірден шешіп алуға болады Зейнет жасына толғаннан кейін шоттағы ақша ең төменгі зейнетақының 12 еселенген мөлшерінен аспаса, онда бірден толық көлемде шешіп ала аласыз. 2019 жылы бұл сома 433 296 теңгеге тең, яғни барлық жинаған зейнетақыңыз осы сомадан аспаса, толық алуға мүмкіндік бар деген сөз. Зейнет жасына жеткен салымшылар және 1, 2 топтағы (өмір бойына мүгедек болып қалғандар) мүгедектер зейнетақы жинағын кесте бойынша ала алады.

2 Пікір Кіру