1 маусымнан бастап жалақы көтеріледі: Тоқаевтың мәлімдемесі - на finance.bugin.kz
Қаракөз Амантай - на finance.bugin.kz Қаракөз Амантай

Мемлекет басшысының тапсырмасы

Қасым-Жомарт Тоқаев жалақысы төмен қызметкерлердің айлығын 1 шілдеден емес, 1 маусымнан бастап көтеру туралы тапсырма берді. Бұл туралы мемлекет басшысы твиттердегі парақшасында жазды.

"Үкіметке бюджет саласындағы жалақысы төмен қызметшілердің жалақысын көтеруді 1 шілдеден емес, 1 маусымнан бастау туралы тапсырма бердім", - деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Оның айтуынша, бұл шешім бір миллионнан астам азаматтық және мемлекеттік қызметшінің жағдайының жақсаруына тікелей әсер етеді.

Еске сала кетсек, ақпан айында Нұрсұлтан Назарбаев бюджет саласы қызметкерлерінің жалақысын 2019 жылдың 1 шілдесінен бастап 30 процентке көбейтуді тапсырған болатын.

0 Пікір Кіру