Туризмді дамытуға бөлінген 75 миллион теңге қайда кетті? - на finance.bugin.kz
Қаракөз Амантай - на finance.bugin.kz Қаракөз Амантай

Аталған қаражат сұлулық байқауының тек іріктеу кезеңіне кеткен

Есеп комитетінің мүшесі Талғат Жақанның мәлімдеуінше, туризмді дамытуға бөлінген 75 миллион теңге "Қазақстан аруы-2019" іріктеу кезеңіне жұмсалған. Бұл туралы Астана теларнасы хабарлайды. 

Қазақстанда туризмді дамытуға бөлінген қаражат "Қазақстан аруы-2019"  байқауын өткізуге жұмсалған. Бұл туралы Есеп комитетінің мүшесі Талғат Жақан айтты.

Оның айтуынша, туристік инвестициялық форум ұйымдастырылып, 5 меморандум бекітуге бөлінген 75 миллион теңге сұлулық байқауының тек іріктеу кезеңіне кеткен.

"Бұл Туризм индустриясы комитетінің қаражатты дұрыс ұйымдастырмағаны салдарынан болған. Елдің туристік әлеуетін арттырып, шетелдік және отандық инвесторлардың, барлығы 250 адам қатысуы тиіс форумдар болмаған. Оның орнына туризмге қатысы жоқ "Қазақстан аруы" байқауының іріктеуін ұйымдастырған", - дейді Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі Талғат Жақан.

0 Пікір Кіру