Қандай жағдайда банк несие бермейді? - на finance.bugin.kz
Alisher - на finance.bugin.kz Alisher

Банктен несие алу бір қарағанда бір сәттік оңай шаруа

Банктен несие алу бір сәттік оңай шаруа сияқты көрінеді. Банк бөлімшелерінің біріне жеке куәлікпен келіп, жарнамада айтқандай 15 минутта рәсімдей салатын дүние, бір қарағанда. Бірақ несие барлығына бірдей мақұлдана бермейді. Банк не себепті несие беруден бас тартқанын нақты түсіну үшін мына жайттарға назар аударыңыз. 

№1. Расталған табыстың болмауы

Егер сіз еш жерде жұмыс істемесеңіз немесе жұмысыңыз бейресми, еш салықсыз, зейнетақы төлемінсіз “қара” жұмыс болса, банк, әлбетте, несие бермейді. Расталған табысты көру үшін банк зейнетақы қорына сұраныс жібереді. Сол арқылы сіздің кірісіңіз анықталады. 

№2. Жеткіліксіз еңбек өтілі 

Бұл өте маңызды.  Бірақ еңбек өтілі несие тарихы, табыс көлемімен қатар ескерілетінін білу керек. Егер еңбек өтіліңіз керекті мерзімнен (әдетте 6 ай) аз болған жағдайда, несие тарихыңыз жақсы болғанның өзінде несие бермеуі мүмкін. 

№3. Жеткіліксіз табыс немесе қарыз жүктемесі

Тұрақты жалақы несиеге кепіл бола алмайды. Жалақының көлемі де маңызды. Банк “қарыз жүктемесі” атты нәрсені пайдаланады. Сіздің өзге несиелеріңізді, коммуналдық қызметтерді төлейтін-төлемейтініңізді және тағы сол сияқты факторларды қорыта келе сіздің төлем жасау қабілетіңізді анықтайды. Банк қарыз жүктемесінің коэффициентім анықтап, несиені төлеу отбасылық бюджетке нұқсан келтірмеудің қамына кіріседі. 

Мысалы. Сіздің жалақыңыз 180 000 теңге делік, онда барлық қарыз (барлық несие) бойынша төлеміңіз жалақының 50%-нен аспауы тиіс, яғни несиелерге кететін сома 90 000 теңгеден аспауы керек. Егер сіз жаңа несие алғыңыз келіп, бірақ оған дейін алған несиеңіз болса, мысалы 30 000 теңгелік, онда жаңа несиеңіздің ай сайынғы төлемі 60 000 теңгеден аспауы керек. 

№4. Несие тарихының нашар болуы

Несие тарихы – несиені құптамауға себеп болатын тағы бір фактор. Бұған дейін болған және әлі де төленіп келе жатқан несиелердің мерзімінен кешіктірілуі несие тарихына кері әсер етеді. Несиелеріңізді қай күні төлегеніңіз банктерге ортақ базада тіркеліп отырады.

№5. Қара тізім

Бұл заңмен реттелмейді, бірақ кей банк өздері үшін құпия тізімді жасай алады. Бұл тізімге енгіңіз келмесе, кезекте тұрып айқай-шу шығаруды, қызметкерге дөрекілік көрсетіп, әрекетіңізді смартфонға түсіруді тоқтатыңыз. Банк басшылығына олардың қызметіне көңіліңіз толмайтыны туралы хат жазуды да қойыңыз. Несиені уақытынан бұрын төлеу де сізге пайда әкелмеуі мүмкін. Себебі сізге берілген несие арқылы банк табатын пайдасынан қағылады.

Банк сізге қара тізімді жасаудың критерийлерін айтпайды. Бірақ осы тізімге енбеу үшін олардың кеңсесінде жанжалдаспауға тырысыңыз.

0 Пікір Кіру