Қазақстанда күнкөріс деңгейі жоғарылады - на finance.bugin.kz
Қаракөз Амантай - на finance.bugin.kz Қаракөз Амантай

2019 жылы ең төменгі күнкөріс деңгейі қанша?

Қазақстанда 2019 жылғы наурызда ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы 27 405 теңгені құрады. Бұл туралы ҚР ҰЭМ Статистика комитетінен мәлім болды. 

«Негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларынан есептелген орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы 2019 жылғы наурызда 2018 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 3,6 пайызға жоғарылады», - делінген комитет мәліметінде.

Белгілі болғандай, оның құрылымында ет пен балықты сатып алуға жұмсалған шығыстардың үлесі  20,3 пайызды құрады, ал сүт, тоң май өнімдері мен жұмыртқаға - 16,2 пайызы, жемістер мен көкөністерге 8,7 пайыз деңгейінде жұмсалды. Сонымен қатар нан және жарма өнімдеріне шығыстар 7,6 пайызды, қант, шай және дәмдеуіштерге жұмсалған қаржы 2,2 пайызды құрады.

0 Пікір Кіру