Оралмандардың зейнетақысы көбейді - на finance.bugin.kz
Аида Әбілхайыр - на finance.bugin.kz Аида Әбілхайыр

Зейнетақы туралы жаңа заң

Этникалық қазақтардың зейнетақы туралы заңына жаңа толықтырулар енгізілді деп хабарлайды, Алматы қаласының Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті қызметкері Динара Серікқызы.

Рас шет елде жүрген қазақтардың басым бөлігі әсересе жасы келген үлкен кісілер қазақ жеріне оралуды аңсайды.  Оралар еді, егер зейнетақысы өз еңбегіне сай төленіп жатса.  Шет елден алатын зейнетақыға бола қалып қойған қарт кісілердің арманы орындалатын күн алыс емес. Бұрындары  ҚР заңына сәйкес  Қазақстанға көшіп келген этникалық қазақтар  нешеме жылғы еңбегі бар, ЖОО бітірген мұғалім, дәрігер екендігіне қарамастан   Қазақстан аумағынан тыс жерде жұмыс істегендіктен зейнетақыға ең төменгі мөлшермен шығатын. Биылдан бастап яки 2019  жылдан әр жанға өз еңбек өтілін көрсете отырып, Қазақстанда жұмыс істеген ҚР азаматы алатын зейнетақыға  шығуға мүмкіндік бар.

Ол үшін: Өтініш берушінің еңбек өтілін растайтын құжаттарға:

– еңбек кітапшасы;

– еңбек кітапшасы жоқ немесе жарамсыз болса, еңбек кiтапшасында тиісті жазбалар, нақтылық болмаса, түзетулер және оқылуында әртүрлілік болса архив мекемелерiнен немесе жұмыс орнынан анықтамалар, мемлекеттік архивтің немесе ведомстволық архивтің уәкілетті қызметкерінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған архивтік құжаттың электрондық көшірмелері немесе жұмыс орнынан анықтамалар;

– әскери билет немесе қорғаныс істері жөніндегі басқарманың (бөлімінің) анықтамасы жатады. Қолданыстағы заң биылдан бастап қолға алына бастағандықтан әзірге Алматы қаласы бойынша екі үш адам ғана құжатын өткізген.  

Тағы бір айта кететін жайт, аталған құжаттардың шет елде берілгендігін ескере отырып, бір тілден екіншісіне аударманың дұрыстығы «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 14 шілдедегі №155 Заңының 34 бабының, 9 тармақшасына сәйкес куәландырылуы керек. Бұл заң этникалық қазақтардың барлығына бірдей жүреді. Қандай мемлекеттен келгендігіне шектеу жоқ. 

0 Пікір Кіру