Ерболат Досаев Қазақстан экономикасына қатысты қандай мәлімдеме жасады? - на finance.bugin.kz
Қаракөз Амантай - на finance.bugin.kz Қаракөз Амантай

Тұңғыш Президент елдің экономикалық жағдайы туралы не айтты?

Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады.

Қазақстан Республикасың Тұңғыш Президенті - Елбасының Баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесуде Нұрсұлтан Назарбаевқа еліміздің валюта-қаржы нарығындағы қазіргі ахуал жөнінде мәлімет берілді.

"Қазіргі уақытта мұнай бағасының өсіп келе жатқаны байқалуда. Еліміздегі экономикалық ахуал мен теңге бағамы тұрақты. Жақында Ұлттық банк пен Үкімет тұрғындар үшін бірлескен мәлімдеме жасады. Сіздердің тараптарыңыздан бұл дұрыс шешім деп ойлаймын", - деді Елбасы.

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаевқа қаржы секторының тұрақтылығын қамтамасыз ету және инфляция деңгейін сақтап қалу жөнінде қабылданып жатқан шаралар туралы мәлімделді.

0 Пікір Кіру