35 миллиард АҚШ долларына тең түскі ас - на finance.bugin.kz
qaytalanbas - на finance.bugin.kz qaytalanbas

Джеф пен Мак Безостар мүлікті бөлу бойынша келісімге келді

Мәңгілік өлмейтін тақырыптардың екеуі – махаббат пен қаражат. Мен екіншісінен гөрі біріншісі туралы жазғанды ұнатамын. Бүгін де сол махаббат пен қаражат туралы. 

Джеф Безос – әлемдік алпауыт Amazon компаниясының басшысы. 2018 жылы әлемнің ең бай азаматы атанған. 150 млрд АҚШ доллорының иесі. Болған. Жұбайы Маккензимен ажырасқанға дейін. Шыны керек, бұл отбасы тағдыры осылай аяқталады деп ойламаған ем, мен түгілі көп адам да ойламаған шығар. Себебі, 1993 жылы отау құрып, 25 жыл бойы бір үйді бөліскен еді ғой. 

Джеф пен Маккензи 1993 жылдары танысқан. Ол кезде Джеф D. E. Shawинвестициялық фирмасының вице-президенті қызметін атқарған. Ал Пристон университетінің ағылшын тілі бойынша бакалавры Маккензи аталмыш фирмаға қызметке тұрмаққа ниеттенеді. Инвестфирмаға жұмысқа тұрғаннан соң екеуі кабинеттік көрші болған екен. Вице-президенттің кабинетіне көп адам кіре бергеннен болу керек, Джефтің күлкісін Маккензи жиі еститін. Сол күлкінің арқасында жігіт түскі асқа шақырту алады. Ал араға 3 ай өткен соң екеуі отау құрған.

Джефтің "амазонды" құруына Мак үлкен әсерін тигізді. Ойдың өз қалай келді дейсіз ғой?! Мак кейде кітап жазатынын айтып қалыпты. Сол сәтте-ақ Безостың ойына онлайн-кітап сату бизнесі келіп түскен деседі. Ал 1994 жылы олар Сиэтлге стартаптарып дамытуға аттанады. "Амазонның" керемет жетістігі оның бірінші басшысы мен алғашқы бухгалтерінің арқасы деседі білгендер. 

Ал кеше сол екі адамның твиттерінде ажырасу туралы хабардың соңына нүкте қойылады. Маккензи басқа-басқа ажырасқан әйелдерден қарағанда анағұрлым көрегендік көрсетті. Яки, жұбайымен бірге жинаған соманың тең жартысын сұраған жоқ. Бар болғаны 35 млрд АҚШ доллорын иемденді. Тіпті, өзіне тиесілі акциялардың 25% бөлігін басқаруды Безос мырзаның өзіне қалдырды. Экс-күйеуіне қолдау білдіргендігі бұл. 

Ары қарай әрқайсысы өз өмірін сүре бермек. Екеуінің балалары да. Және Джеф пен Мак әрі қарай да дос бола бермек ниетте. 

Осылайша, 25 жыл бұрыңғы түскі ас Джефке 150 млрд АҚШ доллары көлемінде пайда әкеліп, 35 млрд шығынға ұшыратты. 


0 Пікір Кіру