Қытайдан қарыз алу дұрыс. Неге? - на finance.bugin.kz
Салем алем - на finance.bugin.kz Салем алем

Көпшілік неге қарсы?

Қытайдан 2 млрд. юаньді 20 жылға қарызға алған қалай бізге тиімді болмақ? Бұл мәселені жан-жақты алып қарауға болады. Сенат отырысында талқыға түскен сұраққа бұл жолы МКД Кедендік операциялар әкімшілігі департаменті кедендік транзиттік бақылау басқармасынының жетекшісі Қайрат Маубаев өзінің ойымен бөлісті. Оның сөзінше, Қазақстан Қытай үшін транзиттік тасымал саласында сенімді серіктес болып қана қоймай, Қазақстан-Қытай нарығы үшін Еуропаны жалғайтын үлкен көпір болатынын айтты. Біз транзитті кеңейту арқылы олар біздің жол бойындағы инфраструктураларлы пайдаланып, сол арқылы алымдар мен төлемдер жүргізуге мүмкіндік беретінін атап көрсетті. Сондай-ақ, бұл мәміле арқылы кедендік төлемдермен салық арқылы ел қазына 300 млрд-қа жуық табыс әкелетінін атап айтты. 

Қаржы вице-министр Руслан Бекетаевтың айтуынша,  2 млрд. юань үстеме ақысымен бірге 154 млрд. теңгені құрайды. Ал ол жыл басына шаққанда 7,7 млрд. теңгеден келеді және бұл мемлекет қазынасына ешқандай ауыр жүк болмайтынын айтты.

Естеріңізде болса, Қазақстан Қытай Халық Республикасынан 2 млрд. юаньді жеңілдетілген несие түрінде 20 жылға алып жатқанын және бұл қаржыға шекара бекеттерінің жұмысын жетілдіру мен автоматизациялауға, кеден арқылы өтетін автомобильдерді дезинфекциялауға,сканерлеу, т.б құрылғылармен қызметтер сатып алатыны айтылған болатын.

0 Пікір Кіру