Ерлі-зайыптылардың ақшаға қатысты 5 ережесі - на finance.bugin.kz
Айжан Кульмуханбетова - на finance.bugin.kz Айжан Кульмуханбетова

Ақшаға қатысты 5 ереже

Ақша тақырыбы ең берік деген отбасының ортасына от салады. Түсінбестік, әртүрлі көзқарас, тәрбие - бұлардың бәрі екі жұптың ортасын алыстатуы мүмкін. Ақша мәселесіне келген кезде екі адам бірдей көзқараста болғаны дұрыс. Сондықтан да, екінші жартыңызбен алдын-ала бұл тақырыпты талқылап алыңыз.
Қаржы тақырыбы ұрыстың бастамасы болмас үшін мына қарапайым ережелерді сақтаңыз. Бұл ережелер әйелге де ерлерге де бірдей.
1. Әйел материалдық қамтамасыз ету жүгін өзіне алмауы керек. Бұл ер адамның міндеті. Әйтпесе әйел адамның "еркектік" қасиеті оянады. Одан кейін әйелге қайта нәзік және сексуалды болу қиынға түседі. Егер еркек отбасында бәрінің жақсы болғанын қаласа, онда ол отбасын 100 пайыз қамтамасыз ету керек. Бұл әйелдің үйде отырып, ештеме уайымдасын деген нәрсе емес. Ол бар күшін баласына тәрбие беруге, өзін, отбасын дамытуға жұмсауы керек.
2. Егер отбасында бір ғана адам ақаша тапса онда екінші адамға үйдің бар тірлігін мойнына асып қоюға болмайды. Екінші жартыңызда "мен міндеттімін" деген сезім қалыптастырып, өзін төмен санай бастайды. Бар шығынды бірге есептеу керек, екінші жартыңыз ақшаның қайда жұмсап жатқаныңызды білетін болсын. Сонда ақшаның жетіспеу себебі екі жаққа да белгілі болады.
3. Егер еркектің ақша табуында қиындықтар туындаса бұл қиындықтан бірге шығудың жолын іздеу керек. Бірақ, еркек ешқашан әйелдің мойнына отырып алмауы керек.
4. Әйел күйеуіне әрқашан көмек бере білу керек. Ол үшін ол өзінің сүйікті ісімен айналысып, өзінің әйелдік образын жоғалтпауға тырысу керек. Әйел әрқашан ерінен аз табуы керек, сонда отбасылық тепе-теңдік сақталады.
5. Егер отбасында ақша туралы әңгіме шыққан кезде айқай-шу басталса, отбасында қиындықтар барын бірден білуге болады. Сондықтанда, ақшаға қатысы барлық мәселені бірігіп шешіңіз. Отбасылық қаражатты қайда жұмсалуы туралы алдын-ала жоспар жасап, қанша қаражат жұмсалатынын жазып қойыңыздар.
Сіз отбасылық бюджетке қатысты мәселелерді қалай шешесіз? 

Аударған Айжан Кульмуханбетова

0 Пікір Кіру